• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Олжас Бектенов Ақтау, Құрық теңіз порттарының дамуымен және Кендірліде туризмді дамыту жоспарларымен танысты

Премьер-Министр Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің көлік-логистикалық және туристік әлеуетімен танысты. Ақтау, Құрық теңіз порттарында болып, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағын дамыту перспективалары қаралды.

Құрық теңіз портын аралау барысында Премьер-Министрге жыл басынан бері жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,5 млн тоннадан асқаны, жыл соңына қарай көлемі 2,2 млн тоннаға дейін жеткізілетіні баяндалды. Биыл тереңдету жұмыстарын аяқтап, астық терминалын іске қосу жоспарланып отыр. Логистикалық кластер құру және паром флотын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы перспективалы жобалық қуаты жылына 6 млн тонна жүкті құрайды. Құрық теңіз порты жыл бойы автокөдік және теміржол паромдарын қабылдай алады, осы мақсатта мамандандырылған 4 айлақ бар.

Мұнда Олжас Бектеновке энергетикада, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі және басқа да салаларда пайдаланылатын «жасыл» сутегін өндіру бойынша қазақ-неміс инвестициялық жобасы таныстырылды. Кәсіпорынның қуаты 2 млн тоннаға жетеді. Инвестиция көлемі €50 млрд-тан асады. Жобаны іске асыру кезінде су тұщыту зауыты мен қуаты 40 ГВт ЖЭК стансасын салу және пайдалану жоспарлануда. Жоба аясында 1,8 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. 

Премьер-Министр Ақтау теңіз сауда портының қуаттылығымен танысты. Нысан Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуда маңызды рөл атқарады. Өзінің техникалық параметрлері мен қалыптасқан бизнес–процестері бойынша порт заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Техникалық жабдық жүктердің кең ауқымын өңдеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда нысанның өткізу қабілеті 11 млн тоннадан асады. Мұнда үш мұнай құю және үш құрғақ жүк айлағы, жылына 800 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге қабілетті астық терминалы, сондай-ақ паром кешені бар. Биылғы 8 айда порт арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 3 млн тоннадан асты, негізгі бағыттары – Иран, Түрікменстан, Әзербайжан, Ресей және басқа да елдер.

Мұнда Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу жоспары туралы баяндалды. Инвестор ретінде Қытайдың ең ірі порт компанияларының бірі «Ляньюньган порт компаниялар тобы» ЖШҚ тартылды. Инвестициялық жоба тасымалдауды орта және ұзақ мерзімді жоспарлауға ықпал етіп, жүктерді жеткізуге қолайлы жағдай жасайды деп күтілуде.
Премьер-Министр халықаралық көлік дәліздерінің түйіскен жерінде орналасқан Маңғыстау облысының стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Үкіметке порттарымызды Каспий теңізінің жетекші хабтарының біріне айналдыра отырып, оларды түрлендіру бойынша стратегиялық міндет қойды. Қазақстанның географиялық орналасуы – біздің артықшылығымыз, оны бар мүмкіндігінше пайдалану керек. Маңғыстау облысының қуатты транзиттік, логистикалық және инфрақұрылымды-сервистік әлеуеті өте жоғары, оны одан әрі дамыту қажет. Сондықтан отандық теңіз көлік-логистикалық кластерін кеңейтуге мүмкіндік беретін жаңа жобаларды іске асыру өте маңызды», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Өңірге жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының биылғы маусымда өткен туризмді дамыту жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды, Маңғыстау облысы әкімдігінің деректері бойынша биыл өңірге 215 мыңға жуық демалушы келіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келушілер саны 9,5%-ға артқан. Салада көрсетілген қызмет көлемі 6,5 млрд теңгеге жетті. Соңғы 2 жылда облыста қонақ үйлер мен демалыс орындарын салу бойынша 4 ірі инвестициялық жоба іске асырылды. 2025-2027 жылдары туризм саласында 500-ден астам жұмыс орнынашу арқылы тағы 12 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Кендірлі курорттық аймағы – Маңғыстау облысының танымал орындардың бірі. Олжас Бектеновке туристік ағынды арттыруға бағытталған негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы баяндалды. Оның қатарында халықаралық әуежай, қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 су тұщыту зауыты кіреді. Сонымен қатар жалпы ұзындығы 156 шақырымды құрайтын «Жаңаөзен-Кендірлі-Түрікменстан шекарасы» жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

«Маңғыстау облысындағы туристік әлеуеттің одан әрі даму перспективасы айтарлықтай зор. Ол үшін өңірде теңіз, таңғажайып пейзаждар, тарихи ескерткіштер мен киелі орындар бар. Сапалы серпіліс үшін инфрақұрылымды дамытып, инвестиция тарту және жаңа нысандар салу қажет. Тиісті министрліктер мен әкімдікке бұл мәселелердің барлығын ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

  • 25.09.2024
  • 99
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика