• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бейсембаев Ғ.Б.
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтөбе облысының мектеп директорларымен және педагогтермен кездестім

Ақтөбе облысында жұмыс сапарымен болдым. Педагогтер қауымдастығымен кездесуде білім беру сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуы бойынша негізгі бағыттарға, сондай-ақ білім беру саласында министрлікпен қабылданған негізгі шараларға тоқталып өттім. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагог мәртебесі туралы» заң аясында ұстаздарға жан-жақты қолдау шаралары жүзеге асырылуда, оның ішінде аттестаттаудан өткізу қағидалары қайта қаралды, педагогтердің сапалы құрамын жасақтау, өңірлерде білім беру инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар бастамалар іске асты. Соңғы төрт жылда елімізде бір миллионға жуық оқушы орны қолданысқа берілді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 154 жаңа білім беру нысанының пайдалануға берілуі есебінен 12 апаттық, 29 үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тапты. Мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру көрсеткіші 2 есеге ұлғайды, интернет сапасы жақсарды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биылғы оқу жылында 365 мың оқушыға арналған 221 мектеп ашу жоспарлануда.

Тәрбие жұмысы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Өткен оқу жылында барлық білім беру ұйымдарында «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізілді. Мектеп әкімшіліктері білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балаларға тәрбие мен білім беруде жайлы орта құру мәселесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл үшін мемлекет жан-жақты қолдауды жүзеге асыруда – заңнамалық шаралар қабылданды, психологиялық қызметтің рөлі күшейтілді, бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің мәртебесі бекітілді. Қабылданған бағдарлама шеңберінде алдын алу, ақпараттық жұмыстарды және ата-аналармен өзара іс-қимылды тиімді жалғастыру қажет. Сондай-ақ Ұстаздар күні қарсаңында Ақтөбе облысының педагог-шебер біліктілік санаты бар мұғалімдерге «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін тапсырдым. 

  • 26.09.2024
  • 94
Бейсембаев Ғ.Б.

ҚР Оқу-ағарту министрi

Бейсембаев Ғ.Б.
(Мұрағат)

ҚР Оқу-ағарту министрi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика