• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Араб үйлестіру тобы Қазақстанда $7 млрд-қа жобалар қаржыландыруды қарастыруда

Астанада Ислам даму банкі, Сауд Арабиясының даму қоры, ОПЕК халықаралық даму қоры, Кувейт экономикалық даму қоры және Абу-Даби даму қоры сынды институттарды біріктіретін Араб үйлестіру тобының (АҮТ) отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, Ислам даму банкі тобының президенті Мұхаммед Сулейман Әл-Джассер, Араб инвестициялық қорлары мен еліміздің мемлекеттік органдары әрі квазимемлекеттік компаниялардың басшылары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты Араб үйлестіру тобының Қазақстан үшін басымдыққа ие инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды қаржыландыруы болды. 

Нұрлан Байбазаров өзінің алғы сөзінде еліміздің инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытқаны үшін Араб үйлестіру тобына алғыс білдірді.

«Бүгін Қазақстан Республикасында Араб үйлестіру тобының бірінші дөңгелек үстел отырысын өткізу арқылы берік әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастық бағытында бірлескен алғашқы қадам жасаймыз. Қолдауларыңыз бен ынтымақтастыққа дайын болуларыңыз біз үшін маңызды еліміздің әлеуетін мойындау болып табылады», — деді ол.

Дөңгелек үстел барысында көлік, энергетика, су ресурстары, денсаулық сақтау салаларындағы жобалар таныстырылды, сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспары ұсынылды. 

Өз кезегінде Араб үйлестіру тобы делегациясының өкілдері еліміздің әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дөңгелек үстел отырысының хаттамасына, ОПЕК қорымен жеке сектордағы операциялар туралы негіздемелік келісімге және Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ислам даму банкі арасындағы келіссөздер хаттамасына қол қойды. Қол қойылған құжаттар одан әрі ынтымақтастық салалар мен әлеуетті жобалардың алдын ала тізбесін айқындайды.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді тікелей инвестициялардың сомасы бастапқы кезеңде $7 млрд құрауы мүмкін. Болашақта қаржыландыру көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Қорытындылай келе, Нұрлан Байбазаров Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына және елдер арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға ықпал ететін ауқымды жобаларды іске асыруда әріптестік қатынас пен өзара тиімді ынтымақтастықты сақтап, одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

  • 27.09.2024
  • 92
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика