• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда өткен Әбіш Кекілбайұлының мерейтойында Мәжіліс төрағасы Президенттің құттықтауын жеткізді

Бүгін, 27 қыркүйек күні Ақтау қаласында халық жазушысы, көрнекті мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Түркия, Венгрия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан елінен келген ғалымдар мен ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты шара Әбіш Кекілбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияны ашып берген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

– Әбіш Кекілбайұлы – төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтіп, жаңа деңгейге көтерген заңғар жазушы, классик қаламгер. Сөз зергері ерекше дарыны мен телегей-теңіз білімінің арқасында шеберліктің шыңына шығып, теңдессіз туындылар жазды. Әбіш Кекілбайұлы – тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдеп, мемлекеттігімізді нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан қайраткер. Ол жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, халқына қалтқысыз қызмет етті. Ұлт мүддесін және ел бірлігін қашанда бәрінен биік қойды.Әбіш Кекілбайұлының отаншылдығы, парасаттылығы, білімпаздығы мен еңбекқорлығы – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Оның танымы терең, талғамы мол мұрасы әлі талай буынға рухани азық болары сөзсіз. «Қазақ даласының әр тасы – қағбам, әр бұтасы – сәждем» деп, Отанын шексіз сүйген абыз Әбіштің есімін ел жадында сақтау – баршамыздың ортақ парызымыз, – делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Мәжіліс спикері өз сөзінде Әбіш Кекілбайұлының 85 жылдық мерейтойы шын мәнінде халықтың мерекесі, ұлттың тойы екенін атап, Алаш абызының адами болмысын, қайраткерлік қырларын еске алды.

Ал алқалы жиынды тізгіндеген облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ел тарихында баға жетпес мұра қалдырып, өшпес із қалдырған жазушының өмірі мен шығармашылығына ерекше тоқталып, ауқымды шараның маңыздылығын айтып өтті.

- Киелі түбек топырағынан дүреген дара дарын, атақ-даңқы төрткүл әлемге танылған Әбіш Кекілбайұлы өзі кетсе де, ізінде мәңгі өміршең бай мұрасы, сөзін әспеттеген ойлы оқырманы қалды. Әбіш аға көзі тірісінде-ақ біртума талант иесі ретінде танылды. Шалқар білімімен, терең пайымымен, биік ой-өресімен дараланды. Ой қуаты зор қаламгер әдебиет әлеміне соны серпін ала келді. Қазақ руханиятын аса құнды жәдігерлемен толықтыра түсті.  Оның шұрайлы, нәрлі, образды тілі, сүбелі ой толғамдары, кесекті кейіпкерлері оқырманды терең ойға бөледі. Әбіш ағаның тұлғасы туралы терең толғам бір емес, бірнеше кітап томына арқау боларлық дүние. Мұны біз қалам ұстаған қауымның еншісіне қалдырсақ дейміз. Келешек іргесі – келер ұрпақ санасында арда азамат есімі еш көмескіленбей, мәңгі жарқырай беруі үшін мұндай салиқалы іс-шаралар заңды жалғасын таба бермек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Конференцияның пленарлық мәжілісінде ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президентінің кеңесшісі Бауыржан Омаров, Академик Кәрімбек Құрманәлиев, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Дихан Қамзабекұлы, техника ғылымдарының докторы Еділ Жаңбыршин, филология ғылымдарының докторы Жанбибі Дүйсенбаева, философия ғылымдарының докторы, Кастомону университетінің профессоры Орхан Сөйлемез Әбіш Кекілбайұлының шығармашылық мұрасы, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мүддені дәріптеудегі еңбектері, сондай-ақ, парламентаризм институтының қалыптасуына қосқан үлесі бойынша өзекті мәселелерді сараптап, оның қоғамдағы орны мен маңызы туралы баяндама жасады.

Ғылыми-конференция филология, философия, тарих ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары өз зерттеулерін ұсынған секциялық отырыспен жалғасты.

Айта кетейік, мерейтой аясында «Әбіш әлемі» халықаралық театр фестивалі өтуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 27.09.2024
  • 112
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика