- Блогтар
- Шахаров А.Б.
Шахаров А.Б.
Ақтөбе облысының әкімі
Ембіде жаңа мектеп ашылды
Бұған дейін оқушылар білім алған мектептің ғимараты - ескі, аумағы - тар еді. Жаңа оқу ордасында оқушыларға барлық жағдай жасалған.
Мұғалжар ауданы Ембі қаласында 320 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Заманауи нысанның жалпы аумағы - 2500 шаршы метр. Үш қабаттан тұрады. Оқу кабинеттері негізінен екінші және үшінші қабатта. Ал, бірінші қабатта арнаулы кабинеттер жабдықталған. Сонымен қоса қыздардың қолөнер мен аспаздықты, ал, ер балалардың ұсталықты меңгеруіне мүмкіндік беретін кабинеттер бар. Қауіпсіздікке де зор мән берілген.
Мектепте 2 апаттық шығу есігі және 54 камера бар. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, ұстаздар мен мектеп оқушыларын, ата-аналарды білім ордасының ашылуымен құттықтады.
13 мыңға жуық адам тұратын Ембіде 5 мектеп бар. Жаңасы - ең үлкені. Мұнда екі ауысымда 557 оқушы білім алып, 66 мұғалім сабақ береді.
- 30.09.2024
- 40