• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Әшірбеков А.Б.
Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Аграрлық несие корпорациясы Қазақстан фермерлерін 611 млрд теңгеден астам сомамен қаржыландырды

Бұл сомаға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның 437 млрд теңгесі мен оның еншілес ұйымы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның 174,8 млрд теңге кіреді. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешенді қаржыландыру бойынша 400 миллиардтық межеден өтті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты қаржыландыру көлемі 164 млрд теңгеден асты.

Аталған соманың 319 млрд теңгеден астамы «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары бойынша көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыруға, ал 107 млрд теңгесі «Агробизнес» бағдарламасына бөлінді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Корпорация қаржыландыру арналарын ұлғайта отырып, фермерлер үшін барынша қолайлы жағдайлар жасады. Соның нәтижесінде несиені Корпорация филиалдарынан кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) және микроқаржы ұйымдары арқылы алуға болады.

Өткен жылы Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржының қаржыландыру көлемі 554,7 млрд теңгені құрап, абсолютті тарихи жоғары көрсеткішке жетті. Биылғы көрсеткіш одан да жоғары болады. Жыл соңына дейін жалпы сома 700 млрд теңгеден асады деп жоспарланып отыр. Көңіл қуантатыны – еліміздегі әрбір үшінші ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Аграрлық несие корпорациясының клиенті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша соңғы қарыз алушылар саны 85 мыңнан асты. Клиенттермен дұрыс жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Олардың несие алуларына және ауыл шаруашылығын дамытуларына қолдау көрсету үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалуда.

Естеріңізге сала кетейік, биыл көктемде егін егу және күзгі жиын терім жұмыстарын жүргізу үшін Аграрлық несие корпорациясының жаңа «Кең дала 2» бағдарламасы іске қосылды. Бұл қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады, бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі жеңілдетілген 5% мөлшерінде бекітілді. Биыл кепіл мүлкі жетпейтін фермерлер үшін алғаш рет «Даму» Қоры қарыз сомасының 85%-ын кепілдендіретін болды. Өтінім тек Аграрлық несие корпорациясына беріледі, одан әрі Корпорация кепілдік алу үшін Қорға өтінімді өзі жібереді.

2,8 мыңнан астам фермерді қамтыған «Агробизнес» әмбебап бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. Биыл мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобаларына шамамен 107 млрд теңге бөлінді. Бұдан бөлек 21 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Олардың қатарында суару жүйелері, өңдеу, көкөніс және жеміс сақтау қоймалары, тауарлы сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар мен бақтар бар.

 

  • 01.10.2024
  • 102
Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

Әшірбеков А.Б.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика