- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысының әкімі «AMANAT» партиясында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады
Бүгін, 1 қазанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «AMANAT» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында жеке мәселелерімен келген тұрғындарды қабылдады.
Қабылдауға келген тұрғындар Астана, Ақтөбе бағытына қатынайтын теміржол вагондарының уақытын ауыстыру, Маңғыстау ауданы аумағындағы 14-ші разъезд пен 15-ші разъездің арасындағы темір көпірді іске қосу, туризм саласы, үлескертер мәселесі, Маңғыстау және Мұнайлы аудандар аралық төте жол салу туралы ұсыныстарын ортаға салды.
Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай барлық өтініштерді толыққанды тыңдап, нақты жауап берді. Қабылдауда айтылған ұсыныс пікірлер, өтініштер, түрлі сауалдар назардан тыс қалмай мемлекеттік органдар тарапынан толық зерделеніп, заң аясында шешілу жолдары қарастырылады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 01.10.2024
- 36