- Блогтар
- Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.
Қарағанды облысының әкімі
Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй мәселесін шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға шолу
Біз несиелік және жалға берілетін тұрғын үйлерді салып жатырмыз. Сонымен қатар жеке құрылыс салушылардан жалға берілетін пәтерлерді сатып алудамыз. Биылғы жылы әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 1733 пәтер беріледі.
Осы орайда тұрғындардан әкімдіктер ұсынған әлеуметтік тұрғын үйді пайдалануға қатысты түрлі сауалдар түсіп жатады. Кездесулерде тұрғын үйдің кезектілігі мен мақсатсыз пайдаланылуы, оның ішінде пәтерлерді жалға беру мәселелері көтеріледі. Сондықтан облыстың барлық қалалары мен аудандары бойынша тұрғын үй инспекциясымен бірлесіп тексеру жүргізуді тапсырдым.
Жалпы тұрғын үй құрылысы туралы айтатын болсақ, жыл соңына дейін 500 мың шаршы метр немесе 4299 пәтерді пайдалануға тапсырамыз. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 18,2% - ға артық. Қазірдің өзінде 331 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
- 02.10.2024
- 31