- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмола облысында тағы бір жайлы мектептің құрылысы аяқталуда
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Целиноград ауданына жұмыс сапары аясында Қабанбай батыр ауылындағы жайлы мектептің құрылыс алаңында болды.
Қабанбай батыр ауылында жайлы мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта мектеп аумағын ішкі безендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Өңір басшысы мердігерлерге құрылысты өндірістік кестеге сәйкес аяқтауды, жұмыс барысын қатаң бақылауды және оларды сапалы орындауды тапсырды.
Айта кетсек, өңірде Целиноград ауданында 4 жайлы мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін елордалық ауданда тағы 3 мектеп, облыс орталығында 2 мектеп іске қосылады.
- 02.10.2024
- 39