• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ұлттық экономика министрлігі астана мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды

Парламент Мәжілісінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков  «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ұсынды.

Вице-министрдің айтуынша, заң жобасы жер қатынастары, сәулет және құрылыс, көші-қон, жарнама, экология және т. б. салалардағы мәселелерді шешуге бағытталған.

Мәселен, қалалардың сыртқы келбеті мәселелерін шешу үшін республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретін дизайн-кодты бекіту жөніндегі нормамен, ал әкімдіктердің құзыретін стационарлық емес объектілерді орнату мен жұмыс істеуі бойынша қағидаларды бекіту жөніндегі нормамен кеңейту ұсынылады.

Сондай-ақ, елордада бірыңғай дизайн-код енгізіледі, бүкіл республика бойынша аудио жарнаманы ашық кеңістікте таратуға және сыртқы (көрнекі) жарнаманы тротуарларда, веложолдарда, автожолдарда және көшелерде орналастыруға тыйым салынады.

Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар, оларға тиісілі болмайтын жер учаскесіне құқықтарды қайта ресімдеу міндеттері көзделеді.

«Қазіргі уақытта халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынуда, бұл үрдіс пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына алып келеді», - деп атап өтті Омарбеков.

Осы мәселені шешу үшін тұрғылықты жері және елорда аумағында уақытша болатын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту жөніндегі мәслихаттын құзыретін кеңейту, сондай-ақ  Астана аумағында белгіленген нормативтерден тыс тіркеуге тыйым салу ұсынылады.

Бұдан бөлек, құжат қалада қолжетімді ортаны қамтамасыз етуді, елорданың жасыл желекті жерлерінің қысқаруына немесе бүлінуіне жол бермеуді, бөгет алаңдарының жұмысын реттеу және қалдықтарды көлік құралдарын пайдалану арқылы анықталмаған орындарға тастағаны үшін айыппұлдарды арттыруды көздейді.

  • 04.10.2024
  • 100
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика