• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысында мұғалімдер құрметке бөленді

Бүгін, 5 қазанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұғалімдер күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, өңірдің білім саласының дамуына үлес қосып жүрген педагогтерді, сала ардагерлерін марапаттады.

Салтанатты шараны ардагер ұстаз Ізбасаров Оралбай ашып беріп, әріптестерін төл мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай өз сөзінде мұғалімдердің бала тәрбиесіндегі рөлі мен білім берудегі зор еңбегін атап өтіп, жауапты қызметін жоғары бағалады.

- Әлемдегі ең асыл мамандық иесі – мұғалім. Біліктілігі жоғары, беделі мықты, мәртебесі биік мұғалімдерсіз мемлекеттің жарқын болашағын елестету қиын. Мемлекет басшысы ұстаз мәртебесін көтеру туралы үнемі айтып келеді. Расында қоғамда ұстазды ұлықтауымыз, дәріптеуіміз керек.
Соңғы жылдары мұғалімдердің жалақысы артып, мектептердің материалдық-техникалық жабдықтау мәселесі жақсаруда. Маңғыстау өңіріне келсек, көптеген жобалар жүзеге асырылып жатыр. Биылғы оқу жылынан бастап, білім сапасын арттыру мақсатында 50 мектепте «Отпан» бағдарламасы іске қосылды. Алдағы уақытта үш ауысымды білім беруді жою мақсатында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 22 мың орындық 21 мектеп салынады. Бұл мектептерде талапты, қабілетті жастар мен үздік педагогтер қызмет атқарады.
Облысымызда 15 жылға жуық құқық бұзушылық тіркелмеген ауылдар бар. Біздің мақсат осындай елдімекендердің санын арттыру. Бұл – ұстаздар мен ақсақалдар институтының арқасы. Маңғыстау облысының білім саласына өлшеусіз үлес қосып жүрген әрбіріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жемісті, шәкірттеріңіз білімді болсын, – деді облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Салтанатты шарада аймақтың білім саласына үлес қосқан 12 педагог «Еңбек ардагері», 31 мұғалім «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, 2 ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болды. 15 мұғалім Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасын алды. Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін 12 ұстаз 500 мың теңгеден марапатталды.

Айта кетсек, өңірдің білім саласында айтарлықтай жетістіктер бар. Мәселен, Түпқараған ауданының Ақшұқыр мектеп-гимназиясы, Мұнайлы ауданының Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі және Түпқараған ауданындағы Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицейі «Ең үздік ауыл мектебі – 2024» атағын иеленді.

Шара соңы жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертіне ұласты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 07.10.2024
  • 86
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика