• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының әкімі «Бекет-Ата» жерасты мешітінің шырақшысы Тұрғанбай Сәулеұлының дүниеден озуына байланысты көңіл айтты

Өмірдің бұралаңы мен бұлтарысы адам баласының тағдыры тәрізді. Жұмыр басты пенде арқалаған жүгі ауыр, өмірдің дәмі кейде ащы, кейде кермек. Қуанышы мен қайғысы, қызығы мен қиындығы қатар жүретін өмір бірде күлімдеп, енді бірде мұң мен қайғыны жүрекке жүктейді.

-Қарақия ауданының және Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматы, киелі «Бекет-Ата» әулиелі мекенінің көп жылдан бері шырақшысы болған Тұрғанбай Сәулеұлының дүниеден озуына байланысты маңғыстаулықтарға көңіл айтамын.

Тұрғанбай Сәулеұлы 1951 жылы Түрікменстанның Ташауыз ауданында дүниеге келген. Таушық ауылшаруашылық училищесін тәмамдап, тракторшы мамандығын игерді. 1980-1984 жылдары Жаңаөзен қаласындағы газ компрессор станциясында жүргізуші, 1985-1989 жылдары Жаңаөзен дәріханалық қоймасында тасымалдаушы болып қызмет етті.

1990 жылдан бастап, ол «Оғланды, Бекет-Ата» қоғамдық қорының негізін қалаушысы әрі төрағасы ретінде қызмет атқарды. ЮНЕСКО-ға кіретін киелі «Бекет-Ата» әулиелі мекенінің шырақшысы ретінде ұзақ жылдар бойы зияратшылар мен тұрғындарды қабылдап, күтіп алушы болды. Бекет-Атаның 250 және 265 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өткізуге елеулі үлес қосқан азамат еді.

Сонымен қатар, ол жағдайы төмен отбасыларға үнемі көмек көрсетіп, Жаңаөзен қаласының 5 және Қарақия ауданының 10 отбасын баспанамен қамтамасыз етті. Аймақтағы түрлі қайырымдылық шараларына да белсене қатысып, демеушілік көрсетіп тұрды. «Үміт сыйла!», «Жетім көрсең, жебей жүр!», «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Мектепке жол», «Жолашар» секілді акциялар аясында көптеген отбасыларға қайырымдылық жасап, облыс көлеміндегі «Игілік» қайырымдылық қорының тұрақты демеушісі болды.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы серік болсын.

Маңғыстау облысының әкімі
Нұрдәулет Қилыбай

  • 07.10.2024
  • 84
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика