• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстаулық әлем чемпионатының жүлдегерлері марапатталды


Бүгін, 8 қазанда, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев Венгрияның Будапешт қаласында кикбоксингтен әлем чемпионатында жеңіске жеткен жергілікті спортшыларды марапаттады.

23-31 тамыз аралығында өткен чемпионатта жастар және кадеттер арасында 81 кг салмақтағы Махмут Мади қола жүлдеге ие болса, 54 кг және 57 кг салмақтағы Базар Диас пен Құбаш Сахи әлем чемпионы атанды.

Әлем чемпионатына 50 мемлекеттен 800-ден астам спортшы бақ сынады. Қазақстан құрама командасы жалпы есепте үшінші орынға ие болды. оған Маңғыстау өңірінен 10 спортшы қатысты.

Тілеген Әбішев облыс әкімінің атынан спортшыларды құттықтап, арнайы сыйлықтармен марапаттады.

— Әлем чемпионатында жеңіске жеткен спортшыларымыз — біздің мақтанышымыз. Сіздер бүкіл Маңғыстау облысының абыройын қорғап, еліміздің спортына үлес қосып келесіздер. Спорт — еліміздің рухын көтеретін, бірлік пен ынтымақты нығайтатын сала. Біз алдағы уақытта да спортшыларымызды қолдап, оларды халықаралық аренада жетістікке жетуге ынталандыра береміз. Спортты тастамаңыздар, әрдайым алға ұмтылып, жетістіктеріңізбен бізді қуанта беріңіздер. Алдағы жарыстарда жеңіс тұғырында көрінулеріңізге тілектеспін, — деді Тілеген Әбішев.

Айта кетейік, Құбаш Сахи — Маңғыстау энергетикалық колледжінің студенті, 3,5 жылдан бері кикбоксингпен айналысады. Ал Базар Диас — С.Шапағатов мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, кикбоксингпен 7 жылдан бері шұғылдануда.

Аталған спортшылар ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері және ҚР Спорт шеберіне үміткер атағына ие. Олардың бұл жетістікке жетуіне жаттықтырушылар Таңбай Жамбыл Ықыласұлы мен Селиков Төремұрат Кадырұлының жоғары біліктілігі септігін тигізді.

Спортшылар 28-31 қазан аралығында Астанада өтетін Р.Қошқарбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирге дайындалу мақсатында Грузияға аттанады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 08.10.2024
  • 91
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика