- Блогтар
- Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.
Ақмола облысының әкiмi
Ақмолалық диқандар 6 миллиондық межеден асты
Ақмола облысы егін жинау науқанында жоғары нәтиже көрсетіп, еліміздің жетекші аграрлық өңірі мәртебесін растады.
Жергілікті фермерлер 6 миллион тоннадан астам астық жинады. Тәуелсіздік жылдарында мұндай нәтиже тек 2011 жылы болған. Бұл соңғы жылдардағы өнімділік бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады.
Бүгінгі таңда 4,5 миллион гектар дәнді және бұршақты дақылдар жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 96,1% құрайды. Өңірдегі орташа өнімділік гектарына 14 центнерге жетті, алайда кейбір шаруашылықтардың жекелеген егістік алқаптарында заманауи агротехнологияларды қолданудың арқасында өнімділік гектарына 60 центнерге таяды. Мұндай көшбасшылардың қатарында «Максимовское» ЖШС (Сандықтау ауданы), «Дихан Плюс» ЖШС (Зеренді ауданы) және «Журавлевка-1» ЖШС (Бұланды ауданы) бар.
Аймақтың көптеген ірі ауылшаруашылық тауарын өндірушілері егін жинау науқанын аяқтады.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Кенеш Әлімжановтың айтуынша, осындай нәтижеге ауыл шаруашылығы құрылымдарының, механизаторлардың, комбайнерлердің жемісті еңбегінің, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізілді.
«Бүгінгі таңда ақмолалық аграршылар жоғары көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, заманауи агротехнологиялардың тиімділігін көрсетті. Ақмола облысы республиканың экономикасы мен ауыл шаруашылығында маңызды рөл атқара отырып, дәнді дақылдар өндірісіндегі негізгі өңір болып қала береді», - деп атап өтті облыстық ведомство басшысы.
Өңірде егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 8,9 мың бірлік астық жинау техникасы, оның ішінде 4,8 мың заманауи өнімділігі жоғары комбайн, сондай-ақ 2,6 мың орақ және 4,8 мың жүк көлігі жұмылдырылды.
Алдағы күндері аймақта егін жинау науқаны аяқталады.
- 11.10.2024
- 20