- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі
Қымбатты қыз-келіншектер!
Шуақты көктеммен бірге келген, мерейлі мереке - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйел – тіршіліктің тірегі, шаңырақтың шырағы, отбасының ұйытқысы!
Әйел бойындағы қайрат пен қажыр, шапағат пен шарапат, қайсарлық пен батылдық – адамзатқа қуат беріп, ұлы істерге бастайды!
Біз – анасын ардақтап, аруын аялайтын, қарындасын қорғап, қызын қадірлейтін дана халықпыз.
Дәуір дөңгелеп, заман жаңарса да, біздің, анаға деген, құрметіміз еш өзгермейді!
Себебі, біздің аналарымыз – ұлттық тәрбиенің, салт-сананың, дәстүр мен ғұрыптың, тұнып тұрған қазынасы!
Бүгінде, қазақстандық әйел қоғамның барлық саласында, белсенді, беделді, бағалы.
Осы игі қасиетпен, Шығысқа шырай беріп, өңір дамуына, зор үлес қосып келе жатқан барша әйелдер қауымына зор денсаулық, жанұяларына бақ-береке, еңбектеріне толайым табыс тілеймін!
Өмірде – әйел жаққан шырақ сөнбесін!
- 11.03.2019
- 811