• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Көптен күткен су Егіндікөл ауылына келді

Егіндікөл ауданында Ақмола облысының 23 ауылдық елді мекенін сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын Нұра топтық су құбырын ауқымды реконструкциялау мерзімінен бұрын аяқталды. Ұзындығы 68,7 км магистральдық желілердің тозған учаскелерін ауыстыру жұмыстары тәмамдалды және 1 қазаннан бастап ауылға су келе бастады.

Айта кетейік, ұзындығы 337 шақырым болатын су құбыры Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының 14 мыңнан астам тұрғынын сумен қамтамасыз етеді.

«Егіндікөлдіктер үшін сумен жабдықтауды қалпына келтіру мәселесін мемлекет басшысы ерекше бақылауға алды. Реконструкция басталғанға дейін магистральдық су құбырының 90%-дан астамы апатты жағдайда болды. Көптеген апаттар су берудің үзілуіне жиі әкеліп соқтырды, бұл халыққа айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды. Мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі 2022 жылы Нұра су құбырын реконструкциялау бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастады», - деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жұмыстар мамандандырылған мердігерлік ұйымдарды тарта отырып, кезең-кезеңімен жүргізілді. Қорғалжын ауданы Сабынды ауылының бас құрылыстарынан Егіндікөл ауылына дейінгі магистральдық желілердің ең тозығы жеткен бөлігінде жұмыс жүргізген «Bertys Construction» ЖШС қатысуын ерекше атап өткен жөн.

Мердігер 68,7 км су құбыры желісін салып, 78 құдық орнатты. Бүгінгі таңда жаңа желілер Қарғалы, Жантеке, Құмкөл және Тоғанас елді мекендерінің игілігіне жарады. Бүгінде іске қосу-баптау жұмыстары, құбырларды жуу және дезинфекциялау аяқталды.

«Бізге су келгеніне қуаныштымыз. Енді халықтың ауданнан қоныс аударуы тоқтайды және аудан тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады деп үміттенеміз», - деп бөлісті Егіндікөл ауылының тұрғыны Бегендік Әбілов.

Биыл Үкімет резервінен Егіндікөл және Қорғалжын аудандарының бас су қабылдағыштарын жаңғырту үшін қосымша қаражат бөлінді. Жаңа су құбыры екі аудан тұрғындарының таза ауыз суға үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз ете отырып, олардың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.

 

 

  • 11.10.2024
  • 80
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика