- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстауда өңдеу өнеркәсібінің көлемі өскен
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бүгінгі Үкімет отырысында 9 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында көшбасшы өңірлерді атады.
Өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті. Өсім 14 өңірде тіркелді. Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстары көшбасшылар қатарында.
Осылайша, өңдеу өнеркәсібіндегі өсім негізінен металлургиядағы өндірісті 8,3%-ға және машина жасаудағы өндірісті 4,2%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар химия өнеркәсібіндегі өндіріс 9,5%-ға, электр жабдықтары 11,3%-ға, фармацевтикалық өнімдер 15%-ға, металл бұйымдары 31,1%-ға және жиһаз 17,9%-ға артты.
«Тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,2%-ға өсті. Өсім негізінен металл кендерін өндіруді 7,7%-ға және табиғи газды 3,4%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілген. Бұл ретте мұнай өндіру 0,3%-ға, көмір өндіру 0,5%-ға қысқарды. Мұнай өндіруді есепке алмағанда экономиканың өсімі өткен жылдың тиісті базасына 4,5% деңгейінде бағаланатынына назар аударғым келеді», — деп атап өтті вице-премьер.
- 15.10.2024
- 23