• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда болат құю өндірісін ашу туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін, 15 қазан күні Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жобаларындағы бизнеске арналған мүмкіндіктер» атты форум өтті. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен 100-ден астам отандық тауар өндіруші жиналды. Бизнес форум алаңында қазақстандық өндірушілер өздері шығаратын трансформатор, кабель, химия, мұнай өндіру өнімдерінің түрлерін ұсынатын, көрме ұймдастырды. ҚМГ еншілес кәсіпорындарының өкілдері өндірісте пайдаланылатын импорттық жабдықтар мен тауарлардың отандық өніммен толығымен не ішінара ауыстыруға болатын үлгілерін көрсетті.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай форумның өңір экономикасына оң әсерін тигізетініне сенім білдіріп, бұл жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосылатынын атап өтті.

- Бұл шара біздің өңір үшін ерекше маңызға ие. Осындай ауқымды форумды өткізгендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Өйткені, бұл өңір экономикасының дамуына жаңа серпін беретініне сенімім мол. Ең бастысы, бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, халыққа әлеуметтік және экономикалық тұрғыда пайда әкеледі деп үміттенеміз. Мемлекет басшысы Жолдауында және басқа да алқалы жиындарда өңірлік өнімдерді көбейту мен экономикалық әлеуетті арттыру қажеттігін үнемі атап өтеді. Біз де өз ісінің шеберлері жеткілікті, олардың арасында әлемнің дамыған елдерінде білім алып келген мамандар да бар. Сондықтан барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, өз тарапымыздан бұл бастамаларды қолдап, қажетті көмекті көрсетуге дайынбыз, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов өз сөзінде мұнай-газ саласындағы жергілікті өндірістерді ынталандырудың маңызын атап өтті. Айтуынша, ҚазМұнайГаздың ірі жобаларына отандық өндірушілердің қатысуы ел экономикасының дамуында шешуші рөл атқарып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және нарықта қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілетті болуын арттыруға ықпал етеді.

Форум барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ, Мұнайлы ауданының әкімдігі және «KazPetroDrilling» АҚ арасында Маңғыстау облысында болат құю өндірісін ашу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумның мақсаты – жобаны бірлесіп іске асыру мақсатында сүйемелдеу, шикізатпен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ, ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорындары отандық өндірушілермен офтейк-келісімшарттар жасасты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 15.10.2024
  • 89
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика