• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Байбазаров Н.С.
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан ерекше мәртебеге ие болады: Заң жобасы Мәжілісте таныстырылды

Парламент Мәжілісінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заң жобасын ұсынды.

Заң жобасын әзірлеуге Түркістан қаласын Түркі мемлекеттері ұйымымен түркі әлемінің рухани астанасы ретінде тануы, қаланың тарихи келбеті мен тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігі негіз болды.

Бауыржан Омарбековтың айтуынша, Заң жобасының негізгі новеллалары – Түркістан қаласының археология ескерткіштерінің резерватын құру, Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің айналасындағы құрылысты шектеу, сондай-ақ кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдау сынды өзге де шаралар болып табылады.

«Қалаға ерекше мәртебе беру Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы, туристер мен қажыларды тарту орталығы ретіндегі әлеуетін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді, нәтижесінде бүкіл өңірдің әлеуметтік - экономикалық дамуына әрі халықтың өмір сүру деңгейін сапалы жақсартуға мультипликативтік әсер етеді», - деп хабарлады вице-министр.

Түркістан қаласының мәслихаты қала құрылысы регламентін, қаланың дизайн-кодын, сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын, Түркістан аумағында рәміздерді қолдану тәртібін және т.б. бекітеді.

Қала әкімдігіне 3 бағыт бойынша 27 құзырет берілетін болады. Алғашқысы қаланың мәдени игілігі мен рухани дамуын сақтау мәселелерін реттеуге, тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Екінші бағыт – кесененің айналасындағы құрылыс стандарттарын және қала аумағында бірыңғай құрылыс стилін қолдану.

Үшінші бағыт – туристік қызметке жәрдемдесу мәселелерін реттеуге және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, туристік тартымдылық орындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін көлік және инженерлік инфрақұрылымды бейімдеуге бағытталған.

Бұдан бөлек, ілеспе заң жобасы әзірленді, оның шеңберінде Жер кодексіне, «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы», «ҚР туристік қызмет туралы» заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген.

  • 17.10.2024
  • 89
Байбазаров Н.С.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Байбазаров Н.С.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика