• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанада халықаралық мәмілелерді қаржыландыру мәселелері бойынша семинар өтті

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) ODDO BHF SE банкімен және Австрияның OeKB Экспорттық-кредиттік агенттігімен бірлесіп Еуропаның экспорттық-кредиттік агенттіктерінің қолдауымен тауарлар импортын қаржыландыру мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына Қазақстан, Германия, Австрия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Грузия және Тәжікстанның қаржы, корпоративтік және өндірістік секторларының өкілдері қатысты.

Іс-шарада халықаралық қаржыландыру және экспорттық сақтандыру саласындағы өзекті үрдістер мен тетіктер талқыланды, сондай-ақ нәтижелі жүзеге асырылған жобалардың тиімді стратегиялары мен практикалық кейстері қаралды.

Семинардың ашылу салтанатында ҚДБ Басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева, «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадина Ержанова, ODDO BHF SE және OeKB өкілдері Сюзана Франц және Райнер Кристиан Дрео сөз сөйледі.

Өз сөзінде Ботагөз Әбішева халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды нығайтуға бағытталған бұл семинардың маңыздылығын атап өтті.

Бұл күні ODDO BHF SE және OeKB спикерлері өздерінің халықаралық деңгейдегі тәжірибелерімен бөлісіп, қаржыландырудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін талқылады. Экспорттық кредиттік агенттіктердің, атап айтқанда OeKB сақтандырумен қамтылған коммерциялық банктерден қаржыландыру құралын пайдалана отырып, мәмілелер құрылымы Қазақстан Республикасының Еуропа елдерінен импорттық құрамдас бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«Біз Орталық Азия елдері нарықтарында белсенді жұмыс жасаймыз. Осы ретте қазақстандық нарық ерекше маңызға ие. Қазақстанның Даму Банкі – сенімді серіктесіміз. Еуропаның экспорттық-кредиттік агенттіктері, атап айтқанда OeKB арқылы сақтандыру мүмкіндігімен ұзақ мерзімді қаржыландыруды ұсынуға мүдделіміз», – деді өз сөзінде ODDO BHF Халықаралық бизнес бөлімінің басшысы Сюзана Франц.

Сөз кезегінде Мадина Ержанова халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта еуропалық мазмұны бар отандық экспорттаушыларға және экспортқа бағдарланған қазақстандық жобаларға тартылған инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктері туралы айтты.

  • 21.10.2024
  • 84
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика