• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Марат Ахметжанов: «Агробизнес ауылды дамытуда әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алуы керек»

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Шортанды ауданында есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шара ауданның құрылғанына 85 жыл толуымен жиналғандарды құттықтаудан басталды. Өңір тарихы – еңбек жеңістері мен алғашқы өндіріс іргетасын қалаған пионерлердің жетістіктер тарихы екенін атап өтті.

Өнеркәсіп саласы өңірдің дамуына маңызды рөл атқарады. Аудан өндірісті дамыту үшін барлық ресурстарға ие.

Облыстың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміне қосқан үлесі 7%-дан асады. Төртінші орынға ие бола отырып, өңір ұн мен кебек өндірушілердің бірі болып табылады, мұнда егіншілік пен мал шаруашылығы дамып келеді. Биылғы жылы алты жоба жүзеге асырылып, 119 жаңа жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін бордақылау алаңы, орман селекциялық-тұқымбақ шаруашылығы және диеталық тағам өндірісі іске қосылып, шамамен 240 жұмыс орны ашылмақ.

«Ауданда егін жинау науқаны да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Биыл аудан бойынша 256 мың гектар жерге жаздық егіс егілді. Өнімділік 16 ц/га жетіп, 340 мың тонна астық жиналды. Астықтың сапасы да айтарлықтай жоғары – 60%-дан астамы үшінші сыныпқа жатады. Егін жинауды алғашқылардың бірі болып «Петровское» және «Октябрьское» серіктестіктері аяқтады, механизатор Александр Ковалев, бригадир Андрей Синяк, комбайншылар Азамат Күйтенов пен Иван Высочинский көзге түсті», – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Биыл аудан диқандарына мемлекеттік қолдау көрсетуге 4 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту үшін қайтарымсыз субсидиялар көлемі ұлғайтылды. Фермерлер үшін қайтарымсыз субсидиялар сапалы тұқымдардың, минералды тыңайтқыштардың, өсімдіктерді қорғау құралдарының қолжетімділігін арттырады.

Ауданның аграрийлері мемлекеттік бағдарламаларды пайдаланады. «Кең дала» бағдарламасы бойынша 9 өтінім, «Кең дала-2» бойынша 7 өтінім төленді. Жыл басынан бері 89 техника – тракторлар мен комбайндар сатып алынды.

«Мемлекет тарапынан қолдау айтарлықтай. Сонымен қатар, агробизнес тарапынан ауылды дамыту, оны абаттандыру және ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау бойынша әлеуметтік жауапкершілік болуы керек», – деп атап өтті өңір басшысы.

ТКШ саласында оң өзгерістер бар: Бозайғыр және Төңкеріс ауылдарында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Егемен, Гуляй поле, Бозайғыр, Жолымбет, Ключи, Шортанды ауылдарында су құбырларын реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр, Дамса және Научный кенттерінде кәріз жүйесін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Новокубанка және Төңкеріс ауылдарында электр желілерін жаңғырту қолға алынды.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында биыл Новокубанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның, Ключи ауылында және Төңкеріс станциясында фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы басталды. Аудандық аурухананы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

«Мемлекет тарапынан ауданның әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелері жүйелі түрде шешілуде. Бөлінген қаражаттың көлеміне қарамастан, ауданда әлі де көптеген проблемалар бар. Сондықтан, облыстық бюджетке тәуелділікті азайту үшін кіріс бөлігін ұлғайту бойынша жұмыс істеу қажет, бұл көптеген мәселелерді өз күшімізбен шешуге мүмкіндік береді», – деп қорытындылады М.Ахметжанов.

Сонымен қатар, әкім Мықтыкөл және Новографское ауылдарынан балаларды тасымалдау үшін автобус сатып алуды, сондай-ақ салынып жатқан нысандарға, оның ішінде 2018 жылы құрылысы басталған Төңкеріс ауылындағы балабақшаға бақылауды күшейтуді тапсырды.

Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары ТКШ, инфрақұрылым және жылыту маусымының өтуіне қатысты мәселелерді көтерді.

  • 22.10.2024
  • 86
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика