• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтауда ұлттық киімдер шеруі өтті

22 қазанда Ақтау қаласында Республика күні қарсаңында ұйымдастырылған ұлттық киімдер шеруіне 500-ге жуық тұрғын қатысты.

Көшеге ұлттық киімдерін киіп шыққандардың қатарында киім дизайнерлері, тігін шеберлері, сән үйлері, сондай-ақ, қаланың ірі мекемелері мен білім беру ұйымдарының өкілдері және қала тұрғындары бар. Шерудің басты мақсаты – қазақтың ұлттық киім үлгілерін көпшілікке насихаттау арқылы оны заман талабына сай жаңғыртып, сән әлеміне енгізу. 

Іс-шара ерекше форматта бастау алды. Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлекті арулар мен аналар қоғамдық көліктерге мініп, халық әндерін орындады.

Шерудің негізгі бөлігі теңіз жағалауында  жалғасты. Ақсақалдар дәстүрге сай шапан мен тақия киіп, ұлттық мәдениеттің көрнекті бейнесін жеткізсе, мектеп оқушылары ұлттық нақыштағы киімдерімен шеруге ерекше сән берді. Сонымен қатар, әжелердің кимешегі мен салтанатты киімдерінен бастап, ұзатылар қыздың сәукелесіне дейін ұлттық киімдердің байырғы және заманауи үлгілері көпшілік назарына ұсынылды.

Шара аясында асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тарту және қазақша күрес сияқты дәстүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы марапаттарға ие болды.

Айта кетейік, ұлттық киімдер шеруі «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қоры қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

  • 22.10.2024
  • 103
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика