• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астанадағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан 100-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысуда

Ақмола облысы Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құрудың негізгі буыны болып табылады және республикадағы дәнді дақылдардың төрттен бір бөлігінен астамын өндіреді. Осындай ұранмен елордада өңір тауар өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Аграршылардың сөрелерінде аймақтың бетке ұстар кәсіпорындары ұсынған 40-тан астам азық-түлік түрі қойылды.

Ақмолалық өндірушілер елордаға барлығы 300 тоннадан астам өнім алып келді. Жәрмеңкедегі өнім бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен.

«Біздің өнімімізге 20 жылдан астам уақыт бойы сұраныс жоғары. Біз ет және ет өнімдерін өндірумен айналысамыз», – деп бөлісті Бурабай ауданының «Жас» ЖШС басшысы Зауре Ғалиақпарова.

Жәрмеңке тиімділігін елордалық тұрғындардың ұсынылған өнімнің сапасы, кең ассортименті және қолжетімді бағалары туралы көптеген оң пікірлері дәлелдейді. Астана қаласының тұрғыны Күләш Қожахметова жәрмеңкеге жыл сайын келеді.

«Бүгін отбасыма ұнаған ақмолалық өндірушілердің ет және сүт өнімдерін сатып ала алғаныма қуаныштымын. Бағалар мен ассортимент көңілімнен шықты», – деп бөлісті К.Қожахметова.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов жәрмеңкеге алғашқылардың бірі болып келіп, ұсынылған өнімдер ассортиментімен танысып, астаналықтардың тілектерін тыңдады.

«Демалыс күнгі жәрмеңкелерді» өткізу әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және халықты нарықтағыдан 10-15% төмен бағамен табиғи азық-түлікпен қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Бұл фермерлер үшін де тиімді, өйткені делдалдар саны едәуір азаяды», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Мұрат Балпан.

Ақмола облысы – тұрғындарға өнімдерді жеткізуде көмек көрсететін еріктілері бар жалғыз өңір. Жәрмеңкедегі еріктілер қызметі дәстүрге айналып келеді. Бұл жолы да елорда тұрғындарының сатып алған өнімдерін артып-тиеуге және тасымалдауға көмектескен 50-ден астам жас волонтер келді.

Сондай-ақ, келушілердің назарына өңір әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Айта кетейік, Ақмола облысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне тұрақты түрде елеулі үлес қосып, республика бойынша дәнді дақылдардың көп бөлігін қамтамасыз етеді. Биыл өңір 6,6 миллион тонна астық жинап, елдің астық орталығы мәртебесін тағы да дәлелдеді.

 

  • 28.10.2024
  • 71
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика