• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан волейбол федерациясының (ҚВФ) қорытынды есеп беру конференциясы өткізіліп, онда мені 2024-2028 жылдар аралығында ұйымның жаңа президенті ретінде сайлады.

Бұл орайда Қазақстан Республикасының волейбол федерациясы 1992 жылы құрылғанын айта кеткен орынды. Оның қалыптасу күнінен бастап ұйымды Нұртай Әбіқаев басқарып келді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы Әлем, Азия чемпионаттарына және Олимпиада ойындарына қатысып, Азия кубогын жеңіп алды. Орталық Азия ойындарының чемпиондары атанып, «Гран-при» әлемдік сериясына қатысты.

Волейбол бүкіл әлемде ең танымал командалық спорт түрлерінің бірі болып саналады. Отандық спортшылар мен әуесқой волейболшылар Қазақстанда аталған ойынды балалар мен ересектер арасында танымалдығын арттырып, оның қолжетімді болуына зор күш жұмсады.

Федерацияның жетістіктері айтарлықтай нәтижеге ие. Үш баланы тәрбиелеп отырған әке ретінде бұл спорттың балалардың арасында танымал болуы ерекше қуантады. Тек ресми деректер бойынша 357 мыңдай жас қазақстандық волейболмен кәсіби түрде айналысады екен. Бұл жеке клубтар мен Қазақстан чемпионаттарында өнер көрсететін 59 кәсіби клубты есепке алмағандағы статистика. Мұндай әлеуеттің зор перспективасы бар. Біз бұл бағыттағы жұмысты ширата түсуіміз қажет. Қазақстан волейболының, әсіресе балалар, ерлер мен әйелдер волейболының болашағы, сондай-ақ әлемдік рейтингтерде лайықты орын алуға барлық мүмкіндігі бар деп санаймын.  

Спорт саласы әрқашан мемлекеттің ұдайы назарында. Қасым-Жомарт Кемелұлы XXIII жазғы Олимпия ойындарын қорытындылай келе біздің стратегияда көрініс табуға тиіс бірқатар міндетті алдымызға қойды. Мәселен, қаржыландыру саясатын қайта қарап, мемлекеттік бюджет тәуелділігінен арылып, демеушілердің тізімін белсенді қалыптастыруды бастау қажет. Сонымен бірге еліміздің ең шалғай өңірлерінде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударып, жергілікті спортшылардың дайындығын күшейту арқылы халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге жұмыс істеу керек.

Бұл тиімді амал деп ойлаймын. Бізге бос уәде беруден сақ болып, жыл соңына дейін елдегі жағдайды мұқият зерттеп, әрмен қарай даму стратегиямызды бірлесіп әзірлеуге күш салуымыз қажет деп есептеймін. Мен кез келген ұсыныс пен диалогқа ашықпын және  федерацияның барлық деңгейінде бірлесіп, тиімді жұмыс істеуге дайынмын.

  • 28.10.2024
  • 78
Такиев М.Т.

ҚР Қаржы министрі

Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика