- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Облыс әкімі азаматтарды жеке қабылдады
30 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұдәулет Қилыбай Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады.
Маңғыстаулықтар көтерген мәселелер негізінен жұмыссыздық, тұрғын үй алу, ауылды аббаттандыру және басқа да мәселелерге қатысты болды.
Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын атап өтті.
Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 31.10.2024
- 25