• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы мамандармен кеңес өткізді.

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында аймақтарда тірек мектептер желісін құруға көңіл бөлінуде. Бұл ретте Маңғыстау өңірінде «Отпан» жобасы қолға алынған. Оны жүзеге асыруда Білім беру саласын тұрақты дамыту қорымен бірге өңірдегі ірі компаниялар да атсалысып жатыр. Назарбаев зияткерлік мектептері мен «Білім-Инновация» лицей-интернаттары өздерінің озық тәжірибесі мен әдістерімен бөліседі. Ол үшін 50 мектеп таңдалды.
NCOC, «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры мектептерді қосымша жабдықтау арқылы  жобаға қолдау білдірді. Демеу көрсеткендер қатарында «Ordabasy Group» компаниясы бар. Олар 45 оқу кабинетін жабдықтауға қатысты.

«"Отпан" сынды жобаларды қолдау арқылы, біз ертеңгі күннің міндеттерін шешуге қабілетті білікті мамандар тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Білім беру мекемелерін жаңғырту және педагогтер біліктілігін арттыру біздің балаларымызға ең жақсы білім беру ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Біз осы бастаманың бір бөлігі болып, Қазақстанның зияткерлік капиталын дамытуға үлес қосып жатқанымызға қуаныштымыз», — деді «Ordabasy Group» компаниясы басқарма төрағасының кеңесшісі Жармұхамед Аппаз.

Тамара Дүйсенова жобаға енген Ақтау қаласындағы №15 және №29 мектептердің тыныс-тіршілігімен де танысты. Облыс орталығындағы білім ошақтарының материалдық-техникалық базасы біршама күшейтілген. Ал ұстаздары үшін түрлі тақырыптық курстар мен семинарлар ұйымдастырылып отыр.

«Мемлекет басшысы білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Биылғы халыққа Жолдауында аталған бағытта нақты тапсырмалар жүктеді. Елімізде Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері секілді оқытудың озық әдістемесін пайдаланып жүрген білім мекемелері бар. Олардың тәжірибесі кеңінен таратылуы қажет. Тірек мектептер желісінің бұл ретте маңызы зор», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Сапар аясында өңір мектептері басшыларының қатысуымен арнайы кеңес ұйымдастырылды. Жиын барысында облыстағы орта білім саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ өңірдегі мектепке дейінгі білім беру саласының келешегі қарастырылды. Атап айтқанда, мектептердегі бастауыш сынып пен балабақшалардағы бағдарламаларды біріздендіру жұмысы жалғасуда. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылмаған балалардың ата-аналары үшін Маңғыстау өңірінде 169 балабақша жанында кеңес беру орталықтары қызмет атқаруда. Мектепке дейінгі білім беру нысандары кезегін цифрландыру ісі де назарда қала бермек
Тамара Дүйсенова облыс орталығындағы «Балбұлақ» балабақшасы жұмысымен танысты. 300-ден аса бүлдіршін білім алатын мекемеде монтессори, логопед, психолог кабинеттері қарастырылған. 

Жиын барысында Тараз қаласында пилоттық түрде енгізілген ваучерлік қаржыландыру әдісінің нәтижелері таныстырылды. Аталған жүйе талапқа сай келетін барлық балабақшаларға бюджеттік қаржыландыруға жол ашты. Ата-аналар үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымын таңдау мүмкіндігін беріп, қаржыландырудың ашықтығы арқасында қазына қаражаты үнемделген.

«Жүйе өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Ваучерлік қаржыландыру әдісі Шымкент және Түркістан қалаларында енгізілуде. Ата-аналар мен балалардың мүдделеріне сай келетін жүйе барлық өңірлерде енгізілуі тиіс», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Мемлекет басшысы келер жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда елдегі техникалық және кәсіптік білім беру саласын трансформациялау міндеті тұр. Қазірде колледждерді бейіндеу жұмысы жүргізілуде. 
Мәселен, Маңғыстау туризм колледжінде қызмет көрсету  саласына қажетті мамандар даярланады. Өңірдегі және шетелдегі ірі мекемелермен тығыз қарым-қатынас орнатылған. Дуалды оқыту ісі жолға қойылып, түлектердің жұмыспен қамтылуына жағдай жасалды.

Колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру саласына қатысты сауалдар ортаға салынып, арнайы кеңес ұйымдастырылды. Онда өңірдегі колледж директорлары қатысты.
Аймақта техникалық және кәсіптік білім беру бағытында 26 мекеме жұмыс істейді. Түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 72 пайызға жуықтайды. Облыстағы тірек колледждері айқандалып, өзара тәжірибе алмасу ісі қолға алынған.

«Колледждердің жұмыс сапасына қатысты бағалау жүргізіліп, оларды лигаларға жіктеу жоспарланып отыр. Оқу процесіне халықаралық стандарттарды енгізу қажет. Бұл даярланатын мамандардың бәсекеге қабілетін арттыру үшін керек. Халықаралық салалық стандарттарды енгізген, түлектердің басым бөлігі жоғары мөлшерде еңбекақы алатын колледждерге ынталандырушы төлемдер қарастырылатын болады», — деді Тамара Дүйсенова.

  • 05.11.2024
  • 96
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика