• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тамара Дүйсенова мен Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының денсаулық сақтау және спорт саласы мамандарымен кездесті

 


Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде денсаулық сақтау жүйесіндегі цифрландыру мәселелері ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың Маңғыстау облысына сапары кезінде қаралды.

Қазіргі таңда өңірде дәрілік препараттардың қозғалысын таңбалау және бақылау жүйесі енгізілді. Осылайша, халық тұтынатын дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Жүйемен танысу үшін вице-премьер мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «Медсервис» ЖШС фармацевтикалық қоймасына барып, таңбаланған дәрілік заттарды қабылдау және шығару процесін көрді.

«Таңбалау арқылы айналымға контрафактілік өнімдердің енуіне тосқауыл қою міндеті тұр. Азаматтар сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі тиіс. Дәрігердің рецепті арқылы тегін дәрілік заттар бар. Әзірге олар тек емхана жанындағы дәріханалардан босатылуда. Біз бұл қызметті әлеуметтік әмиян тетігі мен таңбалау жүйесін қолдану арқылы айтарлықтай жеңілдетуге ниеттіміз.   Электронды рецепт бойынша барлық дәріханаларда тегін дәрі алу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл азаматтар үшін өте ыңғайлы болады деп санаймын», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, облыста әлеуметтік әмиянды пайдалану арқылы 8 мың дәрілік зат босатылды.

Медициналық салаға қатысты мәселелер вице-премьердің Денсаулық сақтау объектілерінің басшыларымен кездесуінде де талқыланды. Премьер-министрдің орынбасары сақтандырылған азаматтар қажетті көмекке қол жеткізуі тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар өңірге жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары бұқаралық спортты дамыту мәселелерін көтерді. «Халық арена» спорт кешенінің базасында Үкімет ұсынған шараларды қарау бойынша кеңес ұйымдастырылды. Оған облыстың спорт мектептерінің басшылары, жаттықтырушылар қатысты. Салада көзделген негізгі өзгерістер туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев баяндады. Спорттың басым түрлері, саланы қаржыландыру және цифрландыру жүйесі мәселелері қаралды.

Еркін пікір алмасу форматында өткен кеңес барысында дене шынықтыру және спорт саласындағы сарапшылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын айтты. Вице-премьер айтылған пікірлер назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

 

 

  • 05.11.2024
  • 61
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика