• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Бейнеу ауданына барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты.

Алдымен ауылдықтардың табысын арттыруға бағытталған жоба аясында аудан орталығында тігін шеберханасының жұмысымен танысудан бастады. Бейнеулік Қозыбек Жалғасбаев 5,9 млн теңгелік несие алып, өз кәсібін ашқан. Қазірде 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жанар Бекжанова да бағдарлама шеңберінде 8,4 млн теңге алып, наубайхана жұмысын дөңгелетуде.

Ал Бейнеулік Мұратбай Ығылманов «Ауыл аманаты» жобасына қатыса отырып, жеңілдетілген 5 млн теңгелік несиеге қой бордақылауды қолға алған. Ата кәсіп, мал шаруашылығын балаларына үйретуді мақсат еткен.

«Бағдарлдама халық үшін өте тиімді. 2,5 пайыздық несие, өтеу төлемін шегеру мүмкіндігі қарастырылған. Кәсіп ашуға ниеттілерге бұл таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын», - дейді Мұратбай Ығылманов.

Сапар аясында вице-премьер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер көрмесімен танысып, тұрғындармен тілдесті.

Осыдан кейін Тамара Дүйсенова мен облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында аймақтағы аудан, ауыл әкімдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өткізді. Жиын барысында азаматтардың табысын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды. «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев «Ауыл аманаты» бағадарламасы аясында жұмысты ұтымды жүргізуге қатысты бірқатар ұсыныстарды ортаға салды.

Шаруалар өнімін өткізу жолдарына баса мән берілді. Өңірде мектептердегі асханаларды азықпен қамтуға шамамен 8,2 млрд теңге жұмсалады. Оған қажетті өнімдерді жергілікті өндірушілердің өткізуге қауқары бар екені айтылды.

Жиын барысында азаматтардың табысын арттыруға бағытталған шаралар талқыланды. Сондай-ақ, өзге өңірлерден келген кәсіпкерлер шағын кәсіп жүргізу жөніндегі тәжірибелерімен бөлісіп, баяндама жасады. Мәселен, БҚО әкімінің кеңесшісі Алдияр Халелов аймақ әкімдігі мен«Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.»арасында жасалған меморандум туралы айтып өтті. Бүгінде екеуара келісім негізінде шаруалардың өнімін тұрақты түрде мекеме сатып алады.

  • 05.11.2024
  • 105
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика