• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Тұщықұдық және Шебір ауылдарының жай-күйімен танысты

Бүгін, 4 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жұмыс сапарымен Маңғыстау ауданына қарасты Тұщықұдық және Шебір ауылдарына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.

2138 тұрғыны бар Тұщықұдық ауылында жұмыссыздық деңгейі 2%-ды құрайды. Ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымына дәрігерлік амбулатория, мектеп, балабақша, мәдениет үйі, сондай-ақ 11 кәсіпкерлік және 34 шаруақожалығы кіреді. 

Облыс әкімі алдымен «Дария» су орталығында болып, Көңдіқұдық су құбырының жұмысымен танысты. Бұл су құбыры Астрахань-Маңғышлақ бағытындағы «Қиғаш» жүйесінен алынатын суды фильтрден өткізіп, таза ауыз су ретінде тұрғындарға жеткізеді. Бүгінде ауылда қосымша 15,7 шақырым су құбыры салынып жатыр. Жаңа су құбырының іске қосылуы ауыл халқына берілетін су көлемінің тағы да 250 текше метрге дейін ұлғаюына  мүмкіндік береді. Жоба жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Осыдан кейін өңір басшысы 446 оқушы білім алатын С.Жаңғабылов атындағы мектепке барды. Мұнда 76 педагог еңбек етеді. Іргетасы 1979 жылы қаланған ғимарат бүгінде жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Нұрдәулет Қилыбай бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау салаларына қажетті жағдай жасау керектігін айтты.

 ⁃ Ұлт болашағы білімді ұрпақ және денсаулығы мықты қоғам.  Бұл екі салада үзіліс немесе үнемшілік болмау қажет. Сондықтан мектептер мен денсаулық сақтау нысандардың жағдайы әрдайым бақылауда болу керек, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Сондай-ақ, жұмыс тобы мектеп аумағындағы спортзалдың жағдайын да қарады. 2013 жылы бой көтерген ғимаратқа бүгінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс.

Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай 1357 тұрғыны бар Шебір ауылына ат басын бұрды. Онда өңір басшысы жергілікті спорт кешенінің жай-күйімен танысты. Сыйымдылығы 90 адамға арналған бұл кешенге 2015 жылдан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті тұрғындар жастарды спортқа баулу үшін кешенді қалпына келтіру қажет екенін айтты.

Облыс әкімі Шебір ауылындағы «Қазпошта» ғимаратына да барды. Ауыл әкімі пошта бөлімшесін ағымдағы жөндеуден өткізіп, ғимараттың бір бөлігіне ардагерлер бөлімшесін ашу туралы жоспарымен бөлісті. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға көтерілген мәселелерді қолға алып, шешуді тапсырды. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 05.11.2024
  • 96
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика