• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қонаев қаласында этносаралық қатынастар және олардың дамуындағы БАҚ рөлі мәселелері бойынша ҚХА Журналистер клубының отырысы өтті

2024 жылғы 28 қазанда Қонаевта Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубының IV көшпелі отырысы өтіп, онда этносаралық қатынастардың негізгі мәселелері және олардың дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі талқыланды. Іс-шараға Ұлытау, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарының, сондай-ақ, Алматы және Шымкент қалаларының мемлекеттік органдарының өкілдері, сарапшылар мен Журналистер клубының мүшелері қатысты.
Іс-шараның спикерлері ҚР Парламенті Сенатының депутаты және Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің жобаларды үйлестірушісі Әділжан Ахметов, сонымен қатар, басқа да медиа-сарапшылар болды.
Өз сөзінде Ғалым Шойкин елдегі этносаралық қатынастарды үйлесімді дамытудағы, ел бірлігін нығайтудағы, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде ілгерілетудегі, азаматтардың арандатушылық және деструктивті ақпаратқа иммунитетін қалыптастырудағы, әлеуметтік желілердегі этносаралық тақырыпта, әсіресе «араздық тілінің» алдын алудағы БАҚ-тың маңызды рөлін атап өтті. Спикер этносаралық бағыттағы өзекті ақпараттар БАҚ-та тек жеделдік тұрғысынан ғана емес, объективтілік тұрғысынан да дұрыс жариялануы қажеттігіне тоқталды. Ғ.Шойкин қазақстандық қоғамда ксенофобияның таралуына жол бермеуді баса назарға алып, ҚХА-ның этникалық топтарды біртұтас азаматтық қоғамға интеграциялау институты ретіндегі рөліне баса назар аударды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚХА хатшылығымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмысқа ҮЕҰ мен БАҚ-ты тарта отырып, танымдық, мәдени және өзге де шаралар кешенін іске асырып келеді. Бұл тұрғыда ҚХА мен этномәдени бірлестіктердің мүшелерін, ҮЕҰ мен БАҚ-ты да әдістемелік қолдау маңызды болып табылады. Журналистер клубының отырысы аясында сарапшылар мен журналистерге арналған түрлі тренингтер мен семинарлар өткізілді.
Отырыс нетворкингпен аяқталып, оның барысында қатысушылар пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады. Іс-шара сындарлы диалог пен ынтымақтастыққа ықпал еткен сұрақ-жауап форматында өтті. Отырысқа қатысушылар мұндай кездесулер мен тренингтер БАҚ, мемлекеттік органдар мен сарапшылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

  • 06.11.2024
  • 72
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика