• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қонаевта этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті

2024 жылғы 29 қазанда Қонаев қаласында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және басқа да лауазымды тұлғалар үшін семинар өтті. Іс-шарада этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары мен негізгі бағыттары, сондай-ақ, этносаралық саладағы мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді. Семинардың негізгі спикері Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин болды. Ол өз сөзінде этносаралық инциденттердің пайда болу себептері және олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ғ.Шойкин Қазақстанда этносаралық қақтығыстар жоқ екенін, алайда тұлғааралық, тұрмыстық және қылмыстық қақтығыстар этносаралық инциденттерге айналу қаупін тудыруы мүмкін екенін атап өтті. «Мемлекеттік органдардың уақытылы және дұрыс іс-әрекеттері осындай оқиғалардың алдын алуға немесе олардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді»,- деп айтты Ғалым Шойкин. Ол, сондай-ақ, этносаралық саладағы іс-қимыл алгоритмдерін қатаң сақтау қажеттілігіне назар аударып, бұл әсіресе мемлекеттік және құқық қорғау органдары үшін маңызды екеніне тоқталды.
Ақпараттық жұмысқа ерекше көңіл бөлінді. Спикер жалған жаңалықтар мен ақпараттық бюллетеньдердің таралуын болдырмау үшін семинарға қатысушыларды белгілі бір оқиғалар туралы халықты жедел хабардар етуге шақырды. Әрі жанжалды жағдайларды шешудің тек құқықтық әдістерін қолданудың маңыздылығын атап өтті. Қорытындылай келе, ол этносаралық тақырыптағы арандатушылық және деструктивті ақпаратқа иммунитетті қалыптастыру мақсатында халық арасында белсенді идеологиялық және құқықтық түсіндіру жұмыстарының қажеттілігін айтып жеткізді. Семинарға қатысушылар осы бағыттағы жұмысты жақсарту бойынша өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті. Семинар қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға бағытталған этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе мен білім алмасудың маңызды алаңына айналды.

  • 06.11.2024
  • 121
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика