• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шойкин Ғ.Н.
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорғанда этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті

2024 жылғы 30 қазанда Талдықорған қаласында этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясат мәселелеріне арналған семинар өтті. Іс-шараға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Талқылаудың негізгі тақырыбы этносаралық саладағы мемлекет саясатының негізгі аспектілері және этносаралық негіздегі оқиғаларға жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмыс алгоритмдері болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық сала мемлекеттің ішкі саясатындағы маңызды басымдық болып қала беретінін атап өтті. Ол этносаралық келісімнің негізі азаматтардың этникалық тегіне қарамастан олардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету және кемсітушілік пен ксенофобияға жол бермеу болып табылатынына тоқталды.
Ғ.Шойкин семинар қатысушыларына этносаралық негіздегі құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс алгоритмдерін түсіндірді. Құқық бұзушылардың әлеуметтік ортасымен жұмыс істеудің маңыздылығына және этносаралық инциденттер мен заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін әлеуметтік желілерде тексерілмеген және арандатушылық ақпараттың таралуын болдырмауға ерекше назар аударылды. Спикер этносаралық сипаттағы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі кез келген арандатудың құқықтық салдары болуы тиіс екеніне назар аударды. Талқылау барысында профилактикалық жұмысты күшейтуге және мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған практикалық ұсынымдар айтылды. Семинар тәжірибе алмасу алаңына ғана емес, сонымен қатар, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту үшін тиімді шешімдер әзірлеу жолындағы маңызды қадамға айналды. Қатысушылар этносаралық бейбітшілікті қолдауға байланысты өзекті мәселелерді шешуде ашық диалог пен бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

  • 06.11.2024
  • 76
Шойкин Ғ.Н.

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

Шойкин Ғ.Н.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика