• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • С.К. Әшіров
С.К. Әшіров

ҚР ОМ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының міндетін атқарушы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері жыл бойына педагог құқығының бұзылуын болдырмау жұмыстарын жүргізуде.

Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті мен оның аумақтық департаменттері жыл бойына педагог құқығының бұзылуын болдырмау жұмыстарын жүргізуде.

Әлеуметтік желілер, Call-орталықтары арқылы азаматтардан әртүрлі сұрақтар мен өтініштер келіп түсуде. Бүгінгі күнге дейін педагог құқығы мен педагогикалық әдепті бұзушылыққа ғана қатысты емес, басқа да 1,5 мыңдай өтініштер келіп түсті.

Төмендегі диаграммадан көріп отырғандай, жыл бойына педагогтардың еңбек ақысы, қашықтан оқыту, оқу жүктемесі, педагог құқығы мен міндеттері, еңбек қатынасы мәселелері  өзекті болып келді. Өтініштердің басым көпшілігі, немесе 69,2%-ы нормативтік құқықтық актілерді, тараптардың құқықтары мен міндеттерін, әлеуметтік кепілдік пен жауапкершілікті түсіндіруді талап етті. Айлық жалақының уақытылы төленбеуі, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, педагогтарды аттестаттау және т.б. арыз-шағымдардың 22%-ы өз шешімдерін тапты.

Лауазымдық тұлғалардың білім беру саласында заңнаманы бұзуға, оның ішінде мектеп ішіндегі бақылауды осалдату, педагогтың әдептік нормаларын сақтамау, айлық жалақыны толығымен төлемеуі және т.б. жол берген жағдайлары болды. 108-дің 55 расталған арыз-шағымдар бойынша аудандық білім беру бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аталған фактілер Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында орын алды.

Педагогтардың құқықтарының бұзылу мәселелері бойынша 68 әкімшілік іс қозғалды, олардың 57 фактісі расталды. Анықталған фактілердің арасында педагогтарды кәсіби міндеттеріне жатпайтын жұмыстарға тарту, білім алушылар мен ата-аналар тарапынан дөрекі қарым-қатынас пен теріс мінез-құлық көрсету, оның ішінде оларды жөндеу жұмыстарына, мерзімдік баспаларға жазылуға тарту да бар.

Әкімшілік істердің көбі Түркістан, Павлодар және Жамбыл облыстарында қозғалды. Жалпы республика бойынша 47 білім беру ұйымдарының, аудандық білім беру білімдерінің басшыларына, сондай-ақ педагогтар мен оқушылардың ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды.

Өкінішке орай, кейбір жағдайда өтініш берушілер байланысқа шықпайды немесе аноним болып қалуды жөн санайды. Тиісінше, ондай арыз-шағымдар қараусыз қалады.

Осыған байланысты, арыз-шағымдарды белгіленген заңнамалық тәртіппен қарастыру үшін кері байланыс өте маңызды екенін атап өткім келеді.

       Достар, осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Комитет пен оның аумақтық департаменттері басшыларының байланыстары, сондай-ақ Call-орталықтары ресми парақшаларда және әлеуметтік желілерде орналастырылған. 

  • 18.02.2021
  • 433
С.К. Әшіров

ҚР ОМ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының міндетін атқарушы

С.К. Әшіров
(Мұрағат)

ҚР ОМ Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының міндетін атқарушы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика