• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау ауданының тұрғындарымен кездесуде Нұрдәулет Қилыбай Онды ауылын еліміздегі ең үлгілі ауылға айналдыруды ұсынды

8 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданының халқымен кездесті. Шетпе ауылының мәдениет үйінде өткен жиында тұрғындар ауданының дамуы мен түйткілді мәселелері туралы айтты.

Алдымен Маңғыстау ауданының әкімі Ғалымжан Ниязов 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне шолу жасап, атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Аудан әкімінің айтуынша, Маңғыстау ауданының орталығында тұтас бір шағын аудан бой көтеруде. Аталған шағын ауданда 800 жер орынға инфрақұрылым толық жүргізілді. Жаңа ауданға биыл “Жайлы мектеп” жобасы аясында 600 орындық мектеп пен дәрігерлік амбулатория ғимараты салынып жатыр. Одан бөлек мұнда 600 орындық мәдениет үйі, спорт кешені, полиция, прокуратура, сот, мұрағат, қорғаныс істері, оқушылар сарайы, әкімдік ғимаратарын салу жоспарланған. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданда жаңа білім беру нысандарының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биыл Бекі ауылында алғаш рет 100 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Мәдениет және спорт саласында да бірқатар оң өзгерістер орын алуда. Ауыл өнерпаздарын гастрольдік сапарларға тасымалдау үшін сыйымдылығы 13 адамдық жаңа автокөлік пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ауданның 12 ауылында ашық спорт, балалар ойын және воркаут алаңдарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау ауданының негізгі экономикалық саласы — ауыл шаруашылығы. Қазіргі таңда ауданда 578 шаруа қожалығы мен 531 мал шаруашылығы тіркелген. Аудан облыс бойынша түйе басының 40%-ын қамтиды, бұл жылына шамамен 20 мың тонна түйе сүтін өндіруге мүмкіндік береді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында түйе сүтін өндіруді ұлғайту мақсатында 10 жоба ұсынылған.

Ауданда 3 инвестициялық жоба жүзеге асуда. «Карат» ЖШС-нің бастамасымен ауыз су шығару цехының құрылысы жүргізілуде. Жоба құны 864 млн. теңге. Цех құрылысы аяқталғаннан кейін 35 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады. Ал 2025 жылы «Caspiy Milk» ЖШС және «Mangystau Milk» ЖШС түйе сүтінен ұнтақталған сүт өнімін өндіру орындарын іске қосуды жоспарлауда.

Нұрдәулет Қилыбай ауданға қарасты Онды ауылын республика деңгейінде ең үлгілі ауылға айналдыруды ұсынды.

-Халық жазушысы Әбіш аға Кекілбаев туған Онды ауылында соңғы жылдары бір де бір құқық бұзушылық тіркелмеген. Ауылда арақ-шарап сатылмайды. Мұнда бір мың түп жеміс ағашы егілген бақ бар. Сондықтан Ондыны солтүстіктегі Родина ауылы сияқты үлгілі ауыл қатарына қосуды көздеп отырмыз. Бүгінде ауылды көркейту үшін арнайы жоспар жасақталуда,-деді Нұрдәулет Қилыбай.

Кездесу барысында жергілікті тұрғындар мектеп тапшылығы, ат шабар алаңының салынуы, қоғамдық көлік қажеттілігі, карьерлер мен Қосбұлақ ауылының мәселелері туралы сұрақтар қойды. Сондай-ақ, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру мен спорт салаларын дамыту бойынша да ұсыныстар айтылды.

5 сағатқа созылған кездесуде айтылған өтініштер мен қойылған сұрақтарға жауап берген облыс әкімі жауапты сала басшыларына түйткілді мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды.

Кездесуден кейін Нұрдәулет Қилыбай жеке мәселелері бойынша тіркелген аудан азаматтарын қабылдады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 08.11.2024
  • 129
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика