• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы тағайындалды

11 қараша күні облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы болып Құдайберген Алмағамбетов тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Мәлік Әбдіқадыров таныстырды.

Құдайберген Алмағамбетов 1986 жылы туған. Білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде информатика мамандығын және Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде экономика және бизнес бакалавры мамандығын тәмамдаған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мамандарды даярлау орталығында қосымша курстардан өткен.

Еңбек жолын 2003 жылы компьютер жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласында бастаған. Кейінірек университет зертханасында бағдарламашы ретінде қызмет атқарып, мектептерге арналған электронды оқулықтарды әзірлеу жобаларына қатысты. Алматы қаласындағы сервис орталықта системотехник қызметін атқарып, қала әкімдігінің пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсеткен.

2009-2011 жылдары Маңғыстау облысы әкімдігінің «ИВЦ» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында системотехник, жүйе инженері және техникалық бөлімнің бастығы қызметтерін атқарды. Осы кезеңде ол электрондық құжат айналымы жүйелерін енгізу және қызметкерлерді оқыту сыныптарын ұйымдастыру бойынша бірқатар жобаларды жүзеге асырды.

2011-2016 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімінде бас маман, бас инспектор, кейіннен бөлім жетекшісі қызметтерін атқарды. Бұл қызметте ол мемлекеттік органдардың функцияларын автоматтандыру және «Электрондық үкімет» компоненттерін енгізу бойынша жобаларға жетекшілік етті.

2016 жылдан бастап Маңғыстау облыстық ақпараттық технологиялар орталығының директоры болып қызмет атқарды. Бұл лауазымда ол орталықтың жұмысын жақсартып, өңірдегі цифрландыру деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды іске асырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 11.11.2024
  • 73
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика