- Блогтар
- Сәденов Е.С.
Сәденов Е.С.
ҚР Ішкі істер министрі
Жас полицейлердің республикалық слеті өтті
Елордада Ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің республикалық слеті өтті. Іс-шараға өңірлерден келген жас сақшылар қатысты.
– Ішкі істер министрі 2024 жылды кадр әлеуетін арттыру жылы деп бекітті. Биыл бірқатар үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. Әрбір қызметкер үшін жағдай жасалып жатыр. Мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіліп жатыр, – деді ІІМ аппарат басшысы Оңал Бекеев.
Сапалы кадр – сапалы қызмет кепілі. Жұмыс тиімділігін арттыру және жас қызметкерлерді қолдау мақсатында ведомство тәлімгерлік институтын қайта жандандырған болатын. Аға буын сақшылар жас мамандарға жөн сілтеп, кәсіби шыңдалуға көмектеседі.
Бұл өз кезегінде жастарға қызмет қиындықтарына төзіп, қатарға тез сіңуге ықпал етеді.
- 11.11.2024
- 17