• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Маңғыстауда алғаш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

Бүгін, 13 қараша күні Маңғыстау облысында алғаш рет «AMANAT» партиясының бастамасымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. 

Форумның мақсаты – елдегі саяси реформалардың, ауыл халқының сапалы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатындағы жобалардың орындалуын, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді ашық талқылау, оны шешу жолдарын қарастыру. 
 
Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Жәнібек Шәйдікерім және барлық деңгейдегі әкімдер, облыстық мәслихат депутаттары, партия ардагерлері, облыстық басқарма басшылары, «AMANAT» партиясының қалалық және аудандық филиалдарының төрағалары қатысты.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұндай ауқымды шаралар барлық деңгейдегі әкімдердің өзара байланысын нығайтуға, тәжірибе алмасып, шалғай елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін айтты. 

- Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін нығайтуға бағытталған жүйелі шаралар қабылданып жатқанын айтып келеді. «AMANAT» партиясы осы бастамаларды іске асыруда белсенділік танытып, оларды Үкімет және әкімдіктермен бірлесе отырып жүзеге асыруда. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылы облысымызда 165 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың іске асуына ауыл әкімдері өз үлестерін қосты деп есептеймін. Сондай-ақ, Президент 2022 жылғы сайлаудан кейінгі алғашқы Жарлығында ауылды дамыту мәселесін көтеріп, халықтың 40 пайызы ауылда тұратынын ескере отырып, Үкіметке ауылды дамытудың 5 жылдық жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын. Осыған орай ауыл әкімдеріне көптеген мүмкіндіктер қарастырылуда. Бүгінгі «AMANAT» партиясынан сайланған ауыл әкімдерінің форумы да әкімдік пен партия арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды шаралардың бірі деп есептеймін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Өз кезегінде «AMANAT» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев елді мекендегі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық ахуалды арттыру мақсатында бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының мазмұнына, сонымен қатар партияның алдағы жоспарына тоқталды.

Форум әрі қарай  Онды, Кендірлі ауылдары және Бейнеу ауданы әкімдерінің баяндамасымен жалғасты.

Жалпы Маңғыстау облысында 47 ауыл әкімі бар болса, оның ішінде 43-і «AMANAT» партиясының атынан сайланған. Ауыл әкімдері Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда, ауыл халқының әлеуетін арттыруда белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұған 2021 жылы ауыл әкімдерінің сайлауы тың серпін сыйлағаны анық. 

Форумның екінші бөлігі секциялық жұмыс пен семинар-тренингпен жалғасты. ҚР Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері «Эмоционалды интеллект және көшбасшылық» тақырыбы бойынша тренинг жүргізді. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 14.11.2024
  • 83
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика