- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесіп, екіжақты су ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқыладық.
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесіп, екіжақты су ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқыладық.
Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған. Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады.
Біздің министрлік алдағы уақытта ҚХР Су шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті. Сондай-ақ, Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келдік.
Кездесуде Қазақстанның су инфрақұрылымын бірлесіп жаңғырту және автоматтандыру, су үнемдеу технологияларын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ Қытайда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелері жөнінде де сөйлестік. Бұл бастамалар Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым–қатынасына жаңа серпін береді деп ойлаймын.
Өз кезегінде Чжан Сяо мырза Қытай тарапы Қазақстанмен су ынтымақтастығына үлкен мән беретінін және тәжірибе мен технология алмасуды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
- 18.11.2024
- 27