- Блогтар
- Нұржігітов Н.М.
Нұржігітов Н.М.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі
Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 87-ші отырысына қатыстым
Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 87-ші отырысына қатыстым Кездесу барысында Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан елдерімен келіссөздер жүргізіп, келесі жылдың сәуіріне дейін Сырдария өзені арқылы Шардара су қоймасына шамамен 11 миллиард текше метр су келетіні туралы келісімге қол жеткіздік.
Бұл елдің оңтүстік бөлігінде 2025 жылғы суару маусымы үшін қажетті су көлемін жинауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Сырдария және Амудария өзендері бассейндеріндегі су қоймаларының жұмыс режимінің болжамды жұмыс кестесін бекітіп, 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне Орталық Азия елдеріне су беру көлемін айқындадық. Биыл келіссөздер мен бірлескен жұмыстың нәтижесінде біз Сырдария өзені бассейнінде суды тиімді бөлуге қол жеткіздік. Сондай-ақ, 86-шы отырыс қорытындысы бойынша бірлесіп атқарылған жұмысқа оң бағамды бергім келеді. Атап айтқанда, Қырғызстанмен су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісімдер жүзеге асырылды, сондай-ақ биыл суару маусымында «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс кестесін үйлестіру бойынша іс-шаралар қабылданды. Келесі, 88-ші отырыс 2025 жылдың бірінші тоқсанында Душанбе қаласында өтеді.
- 18.11.2024
- 38