- Блогтар
- Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.
Маңғыстау облысының әкімі
Түпқараған ауданында әлеуметтік нысандар бой көтеруде
Биыл Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана мен 260 орындық өнер мектебі салынуда. Жатақхана құрылысы 95%-ға аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл нысан аудандағы тапшы мамандарды қызметтік пәтерлермен қамтамасыз ету үшін қарастырылған. Жалпы аумағы 1,6 гектарды құрайтын өнер мектебінің құрылысы 85%-ға дайын. Жыл соңына дейін ашылуы жоспарланған мектепте балалар мен ересектерге арналған мәдени және өнер секциялары жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, үш ауысымды оқытуды жою және оқу орындарының тапшылығын азайту мақсатында Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық округінде 1200 орындық, 3 қабатты, заманауи талапқа сай жаңа мектеп құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жоспар бойынша білім ордасы 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
- 19.11.2024
- 16