• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті

18 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесті. Өңір басшысына аудандағы қордаланған мәселелерді жеткізуге 400-ге жуық тұрғын жиналды. Аудан халқымен кездесу бес сағатқа созылды.

Жиында алдымен, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Елтизаров 2024 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар туралы баяндама жасады.

Аудан әкімінің айтуынша, биыл қаңтар айында Сайын Шапағатов ауылында демеушілік қолдаумен «Сүйінғара» спорт кешені ашылды. Қазіргі таңда бұл кешенде 150 бала спортпен шұғылданып жатыр. Сонымен қатар, Қызылөзен ауылында футзал алаңының құрылысына конкурс өткізіліп, мердігер анықталды. Ал, Түпқараған аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында Қызылөзен ауылында балық шаруашылығын ұйымдастыру үшін «RED PEARL» ЖШС-не 56 гектар жер телімі берілді. Бұл ферма бекіре балығын өсіру және уылдырық өндірумен айналысады деп күтілуде. Ферма құрылысы 2025 жылдың басында басталы деп күтілуде. Жоба іске қосылғаннан кейін 30 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Көлік қатынасын жақсарту үшін биыл 5 ақпаннан бастап «Ақтау-Форт-Шевченко-Ақтау» бағытындағы жолаушылар тасымалы маршруты іске қосылды. Жолаушыларға 50 орындық «Yutong» маркалы екі автобус қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, шілде-тамыз айларында ұйымдастырылған конкурс нәтижесінде «Caspian Trans Corporation» ЖШС Форт-Шевченко-Баутино-Аташ бағытындағы тасымалды жүзеге асыру құқығына ие болды. Аталған бағыттағы қызмет 1 қазаннан бастап іске қосылды. Сондай-ақ Ақтау-Таушық бағытындағы жолаушылар тасымалы да жүзеге асырылуда.

Кездесу барысында тұрғындар спорт, білім, денсаулық саласы, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын су, жұмыссыздық, ауылішілік жол салу, жарықтандыру, тұрғын үй, ауыз сумен қамту, азық-түлік бағасы, карьерлер мен балық шаруашылығына қатысты түйіткілді мәселелер көтерді.

Нұрдәулет Қилыбай тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беріп, аудан әкімі мен тиісті басқарма басшыларына барлық мәселелер мен ұсыныстарды заң аясында шешуді тапсырды. Кездесу соңында облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 19.11.2024
  • 78
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика