• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Жетібай және Мұнайшы ауылдарына жұмыс сапарымен барды

Бүгін, 19 қараша күні, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданына жұмыс сапарымен барып, Жетібай және Мұнайшы ауылдарындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Облыс әкімі алдымен Мұнайшы ауылында салынып жатқан «Сарқылмас Қуат» жел электр станциясын көрді. Қуаты 50 МВт болатын бұл станция 2025 жылдың ақпан айында іске қосылады деп жоспарланған. 45,5 гектар аумақты қамтитын жобада 6,25 МВт қуат беретін 8 жел генераторы орнатылған. Компанияның құрылыс жөніндегі директоры Еркінжан Алахуновтың айтуынша, жобаның жалпы құны – 13,474 миллиард теңге, оның 30% компанияның жеке қаражаты, 70% қарыз қаражат. Құрылыс кезінде 120 адам, ал пайдалану кезеңінде 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Осыдан кейін аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы Теміржолшы шағын ауданындағы тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі жағдайын көрді. 9 үйде барлығы 99 пәтер бар, оның 38-і бос тұр. Техникалық сараптама нәтижесінде үйлер апатты деп танылды. Облыс әкімі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тездетіп жаңа үйлер салу қажеттігін тапсырды.

Әрі қарай Нұрдәулет Қилыбай Жетібай ауылында «Еділ суын тазарту станциясын қайта құрылымдау» жобасының іске асырылу барысын тексерді. 2025 жылы құрылысы басталатын жобада 2 шақырым су құбыры салынып, сағатына 260-300 текше метр су айдайтын жаңа модульдік станциялар орнатылады. Бұл қондырғылар Еділ суын тазартып, қажетті минералдар қосып, халыққа таза су ұсынуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, облыс әкімі Жетібай ауылдық ауруханасындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 2007 жылы пайдалануға берілген үш қабатты ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстарының 75%, сыртқы жұмыстарының 30% аяқталған. Жөндеу барысында ауруханаға лифт орнатылып, заманауи талаптарға сай жағдай жасалмақ. Нысанды толықтай аяқтау 2025 жылға жоспарланып отыр.

Сапар соңында аймақ басшысы Мұнайшы ауылындағы спорт кешенінің құрылысына барды. Кәсіпкердің жеке қаражаты есебінен салынған бұл ангар типті спорт залы көпфункционалды нысан ретінде жобаланған. 24х62 метр аумақты қамтитын кешен барлық спорт түрлеріне бейімделген. Мұнда киім ауыстыратын бөлме, душ, заманауи жабдықталған жаттығу залы және жаттықтырушылар бөлмесі қарастырылған. Жобаның 80%-ы аяқталып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтіп, тиісті басшыларға нақты тапсырмалар берді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 21.11.2024
  • 103
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика