• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қарақия ауданында әлеуметтік нысандар бой көтеруде

Қарақия ауданына қарасты Жетібай және Мұнайшы ауылдарында ангар типті екі бірдей спорт залдың құрылысы жүргізілуде.

Әр спорт залдың жалпы көлемі 24х62 метрді құрайды. Қазіргі уақытта Жетібай ауылындағы құрылыс 70%, Мұнайшы ауылындағы құрылыс 90% орындалды.
Нысандарды толықтай пайдалануға беру 2025 жылға жоспарланып отыр.

Бұл спорт залдар көпфункционалды, барлық спорт түріне бейімделген. Жоба аясында ұлдар мен қыздарға арналған киім ауыстыратын бөлмелер, спортшыларға арналған жуыну бөлмесі, заманауи жабдықталған үлкен зал және жаттықтырушы бөлмесі қарастырылған. Кешен жыл бойы ауа райына тәуелсіз жұмыс істеуге лайықталып салынуда. Ангар типті дизайн қыста жылуды, ал жазда салқындықты тиімді сақтауға мүмкіндік береді. Залдың тәуліктік сыйымдылығы 80 балаға есептелсе, штаттық құрамда 10 қызметкер жұмыс істейді деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Құрық ауылында «Жастар ресурстық орталығын» күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жоба аясында аудан жастарына заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген коворкинг алаңы, жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың кеңселері, қоғамдық-мәдени іс-шараларға арналған конференция залы, кино залы, жастар кафесі, медиа кеңістік, шығармашылық алаңы, бейресми білім беру аймағы және волонтерлар штабы қарастырылған.

Ғимарат аумағында қосымша жастарға арналған 3x3 форматтағы баскетбол алаңы, воркаут алаңы және балалар ойын алаңшасы қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда ішкі жұмыстар 70%-ға, ал сыртқы жұмыстар 60%-ға аяқталған.

  • 21.11.2024
  • 62
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика