• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қилыбай Н.И.
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін, 20 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылында аудан тұрғындарымен кездесіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Алдымен аудан әкімі Сымбат Төретаев 2024 жылғы алғашқы 10 айы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы турасында есеп беріп, алдағы уақытта қолға алынатын ауқымды жұмыстарға тоқталды.

Ауданда балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.

Ауланған шабақтарды өңдеу зауытын салу үшін резервтегі балық аулау учаскесін «AktauBalykCompany» ЖШС-не беру жұмыстары жүргізілуде. Компания 260 тоннаға дейін жүк көтеретін екі кемені Құрық портына жеткізіп, жобаны іске асыруға дайындық жасауда.

Сонымен қатар, Құмды мүйісі жағалауынан 10 миль қашықтықта тор шаруашылығы арқылы Каспий албыртын өсіру жоспарланып отыр. Пилоттық жоба аясында жылына 500 тонна, ал толық іске асқанда 5000 тоннаға дейін өнім өндіру көзделген. Жобаның жүзеге асу мерзімі 2025-2028 жылдар аралығына жоспарланған. Бұдан бөлек, Құрық ауылындағы теңіз жағалауында қайықтарға арналған тұрақтар салу үшін арнайы жер телімдері бөлінген.

Логистиканы дамыту саласында да бірқатар ілгерілеу бар. Халықаралық жүк тасымалының сапасын арттыру мақсатында Саржа терминалы іске қосылып, бүгінге дейін 56 мың тонна түрлі түсті металл, 5 мың тонна бидай және 2 мың тонна тыңайтқыш жөнелтілген. Бүгінде Құрық портында теңіз акваториясын тереңдету жұмыстары жүргізілуде.

2023-2025 жылдар аралығында ауданда 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Солардың бірі – немістің Svevind компаниясы жасыл сутегін өндірмек. Бұл жоба аясында облысқа 50 млрд еуро инвестиция құйылып, құрылыс кезінде 3500 жұмыс орны, ал жобаны пайдалану барысында 1800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жоба 2030 жылы толық іске асырылады.

Сондай-ақ, Құрық ауылында тәулігіне 5000 текшеметр ауыз су өндіретін су тұщыту зауытының құрылысы басталған. Жоба құны 800 млн теңгені құрады. Ал, Ералы елді мекенінде жер асты құдығы қазылып, коммуналдық меншіктегі су тұшыту қондырғысына қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Құрық ауылына қарасты Ералы елді мекеніндегі көппәтерлі тоғыз тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекемелер алты үйдің шатырын ауыстырып, бес үйдің қасбетін толығымен жаңартты.

Облыс әкімінің бастамасымен аудан диқандары аймақта көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлерге делдалсыз өсірген өнімдерін өткізуде.

Үш сағатқа созылған жиында аудан халқының басым бөлігі жұмыссыздық, әлеуметтік көмек, жол, тұрғын үй, ауыл шаруашылығы, денсаулық саласын дамыту мен балабақша салу сынды маңызды мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай жауапты тұлғаларға тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді тұрақты бақылауға алып, оларды оңтайлы шешуді тапсырды.

Кездесуден кейін Нұрдәулет Игілікұлы аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 21.11.2024
  • 67
Қилыбай Н.И.

Маңғыстау облысының әкімі

Қилыбай Н.И.
(Мұрағат)

Маңғыстау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика