• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Елібаев М.Т.
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚДБ синдикат және еурооблигациялар бойынша мәмілелері Global Banking & Markets 2024 премиясында үздік деп танылды

CEE, CIS & Turkey Awards шеңберіндегі қос беделді марапат

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қатысуымен «Qazaq Soda» ЖШС жобасын қаржыландыруға бағытталған Халықаралық синдикат 2024 Global Banking & Markets: CEE, CIS & Turkey Awards шарасында бірден екі марапатты иеленді. Жоба Corporate Syndicated Loan Deal of the Year (жылдың корпоративтік синдикатталған несиелік мәмілесі) және Export Finance Deal of the Year (жылдың экспорттық қаржылық мәмілесі) атаулары бойынша марапатталды. Марапаттау рәсіміне Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли қатысты.

Синдикатталған қарыз құрылымында ҚДБ, «Halyk Bank» АҚ, ING Bank, Bank of China, Sinosure сынды қатысушылар бар. Синдикатты Backer McKenzie сүйемелдейді. Мәміле ағылшын құқығы бойынша қаржыландыру туралы бірыңғай келісім жасасу жолымен ресімделді.

Бұл марапаттар жобаның Қазақстан экономикасы үшін де, халықаралық қаржы қоғамдастығы үшін де стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Жоба аясында Жамбыл облысында кальцийленген сода өндіретін зауыт құрылысы жүзеге асырылуда. Жаңа зауыт импортты алмастыруға, Қазақстанның экспорттық әлеуетін күшейтуге және қосымша жұмыс орындарын ашуға ықпалдасады. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарына 300 қызметкер тартылған. Кейін өндіріс орны іске қосылғанда қызметкерлер саны одан әрі арта түседі деп күтілуде. Зауыт құрылысын қазақстандық және шетелдік (технология жеткізуші) компаниялардың консорциумы жүзеге асырады. Зауыт 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Аталған жобаны іске асыруда шешуші рөл атқаратын ҚДБ елімізге халықаралық инвестицияларды тартуға ықпал ететін сенімді әріптес мәртебесін одан әрі нығайтуда. Ал оның халықаралық аренаға шығуы кәсібиліктің жоғары деңгейін және инвесторлардың қазақстандық жобаларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын растайды.

Сондай-ақ ҚДБ 2024 жылы Қазақстанда еурооблигациялардың екі шығарылымын орналастыру бойынша үздік мәміле үшін Debt Deal of the Year номинациясы бойынша беделді марапатқа ие болған еді.

3 жылдық мерзімі және жылдық 5,5% купондық мөлшерлемесі бар 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі алғашқы шығарылым дамушы нарықтардағы қаржы институты үшін нәтижелі болды.

Қазақстан үшін дебютке айналған орнықты даму еурооблигацияларының екінші шығарылымы 100 млрд теңгені құрады, айналым мерзімі де 3 жыл, купондық мөлшерлемесінің жылдық пайызы 13%. Бұл тұрақты даму элементтері бар жергілікті валютадағы еурооблигациялардың алғашқы халықаралық шығарылымы, ол Sustainable Fitch және АХҚО жасыл қаржы орталығы тарапынан оң бағаланды.

Тартылған қаражат агроөнеркәсіптік кешенді, өңдеуші өнеркәсіп пен инфрақұрылымды қоса алғанда, экономиканың басым секторларын, сондай-ақ «жасыл» және орнықты даму критерийлеріне сәйкес келетін жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Жоғарыда аталған жетістіктер Қазақстанның халықаралық қаржы нарықтарындағы ұстанымын нығайтады әрі Банктің жасыл және тұрақты қаржыландыру қағидаттарын ұстанатынын көрсетеді.

  • 22.11.2024
  • 90
Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

Елібаев М.Т.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика