• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Бөлекпаев Е.Қ.
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жыл басынан бері 13 мың жасқа жұмысқа орналасу барысында көмек көрсетілді

Облыста біз жастарды, оның ішінде оқымайтын және жұмыс істемейтін (NEET) жас адамдарды белсенді түрде қолдауға тырысамыз. Біздің негізгі мақсатымыз оларға  өмірде өз орнын табуға көмектесу.

Жыл басынан бері 13 мың жасқа жұмысқа орналасу барысында көмек көрсетілді. NEET санатындағы жастар үшін «Мүмкіндіктер марафоны» жобасы жұмыс істейді. Оның шеңберінде 10 айда бос орындар жәрмеңкелері, жұмыс орындарына экскурсиялар, заңгерлер мен психологтардың тегін кеңестері сияқты 297 іс-шара өткізілді. Бұл шаралар барысында жастарға білім алу мен өз ісін ашу немесе жұмысты табу мүмкіндіктері жайлы айтылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жастар жиі жүретін базарлар мен сауда орталықтарында, саябақтарда жүргізіледі. Осы арқылы біз жастарды барынша қамтуға тырысамыз.

Сондай-ақ оқығысы келетін жастар үшін келесі бағдарламалар әзірленген.  
- «JUMYS TAP» - жаңа мамандықтардың қысқа мерзімді курстары;
- «Бастау Бизнес» - кәсіпкерлікке оқыту бағдарламасы. Биыл әлеуметтік осал топтардан 67 жас  өз ісін ашуға грант алды.

Шығармашыл жастар үшін Қарағандыда комьюнити-орталық ашылды, онда түрлі креативті идеяларды жүзеге асыруға болады.

Жасалған жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Мысалы, Шахтинск қаласында аулаларды аралау, қоңырау шалу және хабарлау арқылы NEET жастарының саны екі есеге азайды.

Біз бұл жұмыстарды одан әрі жалғастыратын боламыз. Жақында өткен жиналыста мен жастарға қайда бару керектігін және олар үшін істелініп жатқан жұмыстарды барынша насихаттау қажеттігін атап өткен болатынмын. Бұл бағыттағы жұмыстарды атқаруға қажетті мүмкіндіктер жетерлік.

 

  • 22.11.2024
  • 77
Бөлекпаев Е.Қ.

Қарағанды облысының әкімі

Бөлекпаев Е.Қ.
(Мұрағат)

Қарағанды облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика