• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Ахметжанов М.М.
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешенінің үздік өкілдері марапатталды

Өңірде бағалы білім мен тәжірибе ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, нағыз еңбек әулеттерін қалыптастырған мысалдар көп.

Республикалық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік награда алғандардың қатарында зоотехниктер, шопандар, технологтар мен комбайншылар бар екенін атап өтті. Жалпы, Қазақстан бойынша 100-ден аса адам марапатталды. Адал еңбекті дәріптейтін мұндай тұлғалар жастарға үлгі болуда.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов бірінші өңірлік форум барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлері өңір экономикасының тірегі екенін және олардың еңбегі жоғары құрмет пен ризашылыққа лайық екенін айтты. Мереке қарсаңында Президенттің Жарлығымен тоғыз ақмолалық аграрий мемлекеттік награда алды.

Өндіріс озаттары – сауыншылар, механизаторлар, агрономдар, жүргізушілер, құс өсірушілер және басқа да ерекше еңбек нәтижесіне қол жеткізгендер құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен
және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Өңірлік Форум аясында саланың дамуына елеулі үлес қосқан Городецкий, Райский және Каспиев еңбек әулеттеріне автокөліктер сыйға тартылды.

«Біздің өңірде құнды білім мен тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, нағыз еңбек әулеттерін қалыптастырған мысалдар жеткілікті. Түркиндер, Әріповтер, Закусиловтар, Ысқақовтар, Мұқышевтер және Құрманқұловтар әулеттері ауыл шаруашылығында өз істерін табысты жүргізуде. Бұл ұрпақтар сабақтастығының ғана емес, өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің де үлгісі. Бұл отбасылық құндылықтар мен кәсіби көзқарасты ұштастыратын еңбек жолы», – деп атап өтті өңір басшысы.

«Бұл көлік менің отбасыма сыйлық болып қана қоймай, біздің ұрпақтың символы болады. Жақсы өмір сүруге барлық жағдай жасалған «Агрофирма ТНК» ЖШС-де ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеміз. Еңбегімізді бағалап, сенім артқандарыңызға көп рахмет», – деді өз жауабында Еңбек әулетінің басшысы Сергей Райский.

Алғаш рет бірқатар аграрийлер «Ақмола – еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында механизаторлар Дүйсембай Ысқақов пен Владимир Герасимов, Социалистік Еңбек Ерлері Есілбай Қадралин мен Валентин Щербаков, еңбек адамы, Біржан сал ауданының құрметті азаматы Алтынай Базылова бар.

 

  • 25.11.2024
  • 95
Ахметжанов М.М.

Ақмола облысының әкiмi

Ахметжанов М.М.
(Мұрағат)

Ақмола облысының әкiмi

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика