• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Такиев М.Т.
Жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезең шеңберінде шамамен 4,8 млн адам, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор басшылары, бизнес өкілдері мен олардың жұбайлары қамтылды.

Бұл ретте халықтың ыңғайлығы үшін салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкіметтің» веб-порталы (egov.kz), e-Salyq Azamat (салық әмияны), eGov mobile мобильді қосымшалары,  сондай-ақ Halyk, «Банк центр кредит» және Kaspi сынды банк қосымшалары арқылы декларацияны тапсыру бойынша электронды сервистер жолға қойылғанын айта кетейін.

Азаматтардың қалған санаттары бойынша декларацияларды ұсыну бойынша міндеттемелер 2025 жылы жалғасу қажет. Атап айтқанда, 4 кезеңде жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы азаматшалар, студенттер мен т.б. қамтылуға тиіс. Бұл шамамен – 8 млн адам.

Мемлекет басшысының Жалпыға бірдей декларациялау тәсілдерін қайта қарау туралы тапсырмасын іске асыру үшін азаматтардың аталған санатын (елімізден тыс активтері бар адамдарды қоспағанда) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларды тапсырудан босату ұсынылды.

Бұған мемлекеттік органдардың деректер базасын цифрландыру, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жоғары үлесі (86%), автоматтандырылған салықтық бақылау, халықаралық келісімдер шеңберінде қаржы шоттары бойынша деректермен алмасу, сондай-ақ цифрлы қызметтердің кең қолжетімділігі ықпал етіп отыр.

Қаржы министрлігі шетелде активтері бар адамдар мен сайлауға түсуге құқылы тұлғалар бойынша, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды орындарға үміткерлер мен оларға теңестірілген адамдарға, олардың жұбайлары мен банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетіндерге қатысты активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндетті сақтауды ұсынды.

Сондай-ақ азаматтарға активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны өз еркімен ұсыну құқығы берілетінін айта кеткен орынды.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілерге, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшыларына, құрылтайшыларға (оның ішінде 25% астам және одан да көп акция иеленушілерге), олардың жұбайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде активтері бар және (немесе) дербес салық салынатын табыс алған адамдарға кірістері мен мүлкі туралы жыл сайынғы декларацияны (270.00 СЕН) тапсыру жөніндегі міндет сақталатынын атап өткен жөн.

Қосымша күнтізбелік жылда құны 20 000 АЕК (74 млн теңге) асатын ірі сатыпалым жасаған тұлғалар үшін осындай міндетті белгілеу ұсынылды.

 

  • 27.11.2024
  • 74
Такиев М.Т.
(Мұрағат)

ҚР Қаржы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика