- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады
Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасында займ туралы келісім 2024 жылдың 23 тамызында жасалған болатын.
АДБ жеңілдетілген үшжылдық кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 15 жыл болатын жеңілдетілген шартпен шамамен 52,3 млрд жапон йенасын займ түрінде ұсынып отыр.
Тартылатын сома бойынша қызмет көрсету мен өтеуді келісімнің қаржылық шарттарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігі кезекті жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асыратын болады.
Бұл қаражат көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беру мен басқа да басымдыққа ие бағыттарды қаржыландыруды қоса алғанда, Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді.
- 27.11.2024
- 25