- Блогтар
- Такиев М.Т.
Такиев М.Т.
ҚР Қаржы министрі
Мәжіліс Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы займ туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады
Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасында займ туралы келісім 2024 жылдың 21 тамызында жасалған болатын.
АИИБ жеңілдетілген үшжылдық кезеңді есепке алғанда, өтеу мерзімі 15 жылды құрайтын жеңілдетілген шартпен шамамен 52,7 млрд жапон йенасын займ ретінде ұсынып отыр.
Жапон валютасын таңдау аталған елдегі тарихи төмен базалық пайызды мөлшерлемелерге, сондай-ақ Қазақстанның теңгесі мен жапон йенасы арасындағы тығыз корреляцияға байланысты болып отыр.
Тартылатын сома бойынша қызмет көрсету мен өтеуді келісімнің қаржылық шарттарына сәйкес ҚР Қаржы министрлігі кезекті жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асыратын болады.
Аталған ақша көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беру мен басқа да басымдыққа ие бағыттарды қаржыландыруды қоса алғанда, Үкіметтің бірінші кезектегі шараларын қолдауға мүмкіндік береді.
- 27.11.2024
- 28